ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткі желісі жойылды

Алматыда есірткі желісі жойылды

Заң мен тəртіп 19.05.2023, 04:29 1,534
Алматыда есірткі желісі жойылды
Сурет: Polisia.kz
Алматы полициясы ҚР ҚМА-мен бірлесіп, қалалық прокуратураның үйлестіруімен есірткі желісін жойды.

Алматы полициясы ҚР ҚМА-мен бірлесіп, қалалық прокуратураның үйлестіруімен есірткі желісін жойды.


Бес адам марихуананы жеткізумен және сатумен айналысып келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Есірткі қылмысымен айналысқандар: бірге тұратын жұп, олардың досы – бетбелгі қоюшы және курьер. Жас жұптың қылмыстық процестің жетекшілері екендігі жедел және тергеу іс-шаралары барысында белгілі болды. 27 жастағы Л.есімді азамат пен оның 35 жастағы серігі – К.есімді азаматша ұйымдастырушы және үйлестіруші қызметін атқарды. Бетбелгі қоюшылардың міндеттерін 30 жастакғы Б.есімді азамат және 28 жастағы А.есімді азамат орындады. Ал шабарман 25 жастағы А.есімді азамат болды.



«Қала прокуратурасының үйлестіруімен “Есірткі қылмысына қарсы күрес” жобасы аясында жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімшенің қызметкерлері ҚР ІІМ ЕҚД, ҚР АФМ өкілдерімен бірлесіп, мессенджерлер арқылы байланыссыз әдіспен есірткі сатуды жолға қойған есірткі сатушылардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесті. Қаскөйлердің Испания мен АҚШ-тан пошта арқылы есірткі салынған сәлемдемелерді алғаны белгілі болды. Шөп үшін төлемді тұтынушылардан Qiwi әмиян арқылы алған. Қаражатты шығаруды екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізген. Тергеудің осы кезеңінде 49 банктік есепшот анықталды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Е.Әлмағамбетов күдіктілердің қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталғанын, “сатып алулар” жүргізілгенін атап өтті. Сонымен қатар күдіктілердің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту жұмыстары жүргізілді. Негізгі айыпталушылардың пәтерінен 6 миллион теңге, SIM-карталар, банк карталары, электронды таразылар, сондай-ақ ерекше иісі бар шишка өсімдік заттары табылды және тәркіленді. Ұсталғандар қамауға алынды. Полицияда ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын айтып өтті. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.