Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ерекше флешмоб өтті

Алматыда ерекше флешмоб өтті

Әлеумет 11.04.2024, 04:38 900
Алматыда ерекше флешмоб өтті
Сурет видеодан алынды

100 домбырашы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтып, ерекше флешмоб өткізді


Олар ашық аспан астында күй орындап, өнері арқылы отандастарына қолдау көрсетті. Артистер керемет туындылар ұлттық рухты көтеріп, қазақстандықтарды қанаттандыратына сенімді. 


Айта кетейік, кеше алматылықтар табиғи апаттан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл 12 тонна азық-түлік, шамамен 10 тонна киім, 7,2 тоннадан астам гигиеналық заттар, 2 тоннадан астам тұрмыстық заттар, 200 келіден астам дәрі-дәрмек және т.б. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып отыр. 



Сондай-ақ, алматылық аспапшы-музыканттар қала тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға, қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырды. Бұл флешмобқа «Алатау» фольклорлық ансамблінің домбырашылары мен жас таланттар қатысты. 



«Мұндай жағдайда шетте қала алмаймыз, еріктілер ретінде де қатысамыз, сонымен бірге біз өз эмоциямыз бен қолдауымызды шығармашылығымыз арқылы көрсетеміз. Сондықтан халықты жігерлендіру, қуаттандыру және қолдау үшін қазақ күйлерін орындауды ұйғардық. Біздің халқымыз әрқашан біреудің қасіретіне бей-жай қарамайтын, табиғатқа үлкен құрметпен қарайтын, тазалық пен тәртіпті бағалайтын. Қазір Алматы тұрғындары ауқымды экологиялық жобаға қатысып, азаматтық белсенділік таныта алады», - деді белгілі артист, «Алатау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Тұрсынай Пазыл. 




Естеріңізге сала кетейік, қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Мегаполистің әрбір тұрғынын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қатысуға, экологиялық жобаларды қолдауға шақырамыз. Қала тұрғындары өз ауласының аумағына көшет отырғыза алады, осылайша қалаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты көрсетіп, 20 сәуірде өтетін жалпықалалық сенбілікке қатыса алады. 


Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Домбыра #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.