конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны...

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Оқиға 18.02.2026, 14:15 505
Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді
фото: видео скрині

Әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергенге ұқсас адамның есірткі іздеп жүрген видеосы тарады. Ролик авторлары кадр сыртында өнерпазды ұстап, наркодиспансерге жеткізді деп мәлімдеген. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Не жағдай болды?

Өткен аптада «Мен қазақпын» әнін орындайтын әншінің ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарай бастады. Пабликтердің бірінде жарияланған видеода әнші болуы мүмкін екені айтылған.

«Видео авторы Алматыдағы наркологиялық орталық маңында танымал әнші Ерболат Құдайбергеновті түсірдім» деген мазмұнда жазба да қоса берілген.

Алматы полициясының түсіндірмесі

Алматы қалалық полиция департаменті редакцияның ресми сұранысына берген жауабында оқиғаға көршілердің шағымы себеп болғанын айтты.

«Полицияға көпқабатты үй тұрғындарынан көршісінің агрессивті әрекет жасап, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы өтініш түсті. Учаскелік инспектор оқиға орнына дереу барды. Ақпарат расталды: ер адам адекватсыз күйде болып, агрессия танытқан және айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген», – деді полицияда.

Осыдан кейін ер адам медициналық куәландыруға жіберілген. Сараптама оның психоактивті заттардың әсерінде болғанын көрсеткен.

«Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және қайталануы мүмкін құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол мамандардың бақылауымен 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды», – делінген полиция жауабында.

Полиция өкілдері ұсталған адам ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын да хабарлады. Атап айтқанда:

  • азаматтардың тыныштығын бұзу;

  • психоактивті заттарды қолданудан болған күйде қоғамдық орынға шығу;

  • тіркеусіз тұру;

  • қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу.

Сондай-ақ департамент ер адамның бұған дейін де қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Әншінің менеджерінің пікірі

Aqshamnews.kz тілшісі әншінің өкілімен байланысқан. Артистің менеджері видеодағы оқиғаға әншінің қатысы барын жоққа шығарды:

«Иә, видеоны көрдім, бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Кадрлардан оның қыс мезгілі емес екені байқалады. Видеода ол ма, жоқ па, нақты айта алмаймын. Біз жалған ақпарат таратқан пабликтерге арыз береміз», – деді ол.

Менеджердің айтуынша, қазір әнші Алматыда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ерболат құдайберген
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);