конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда ер адам көпқабатты пәтерде есірткі зертха...

Алматыда ер адам көпқабатты пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған

Заң мен тəртіп 12.09.2023, 08:49 1,033
Алматыда ер адам көпқабатты пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 27 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үй кешенінде есірткі зертханасын ұйымдастырған.


Синтетикалық есірткіні шығаратын зертхана Алматының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі екі бөлмелі пәтерде жұмыс істеп тұрған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


27 жастағы У.есімді азамат “синтетика” өндіру үшін тұрғын үйді арнайы жалға алғандығы белгілі болды.



– Тінту кезінде біздің бөлімше қызметкерлері медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық зат мефедрон өндірісінде қолданылатын басқа да құралдарды тәркіледі. Сондай-ақ дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 грамм альфа-PVP есірткі заты болып табылады. Сонымен қатар көк түсті изолентаға оралған, ақшыл ұнтақты зат, болжам бойынша мефедрон, бөлек оралған 15 және 6 бетбелгі тәркіленді. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйықтық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Айтпақшы, жас жігіттің бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#құқық #есірткі зертханасы #заң #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ашықтық пен сенім: Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлаудың ашықтығын қандай тетіктер қамтамасыз етеді

Бүгін 17:19

“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты

Бүгін 17:12

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);