ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынш...

Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Әлеумет 17.01.2025, 16:32 760
Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Сурет видео скрині
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Түрксіб ауданында ағаштарды заңсыз кесу фактісін анықтады.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Түрксіб ауданында ағаштарды заңсыз кесу фактісін анықтады.

Көшпелі тексеру барысында Жер ресурстарын басқару департаменті, полиция департаменті және Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 50 жылдан асқан емен ағашының заңсыз кесілгені расталды (жасыл желектерді тексеру актісі жасалып, ағаштардың түрі, жасы және діңінің диаметрі көрсетілді). Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар жалпыға ортақ жерлерде өскенін және сирек кездесетін әрі жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген. 

Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы («Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматы қаласындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, заңсыз кесілген, жойылған немесе сирек және жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген жасыл желектерге қатысты сол түрдегі (қосымша түрлерін) өсімдіктердің орнына жүз есе көлемде ағаш отырғызу қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша 160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мүлікті тәркілей отырып қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген.

Айта кету керек, Басқарма уәкілетті орган ретінде 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесіне» енгізілген жасыл желектерді кесуге рұқсат бермейді.

Іс Алматы қаласының полиция департаменті мен Экология және қоршаған орта басқармасының бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.