ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда электронды музыка фестивалі өтеді

Алматыда электронды музыка фестивалі өтеді

Алматылықтардың алданышы 07.09.2022, 10:28 2,762
Алматыда электронды музыка фестивалі өтеді
Twitter
Ethnotronica Almaty электронды музыка фестивалі Абай алаңында 10 қыркүйекте сағат 19.00-де өтеді. Музыкалық шараны The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасы ұсынады, деп хабарлайды...

Ethnotronica Almaty электронды музыка фестивалі Абай алаңында 10 қыркүйекте сағат 19.00-де өтеді. Музыкалық шараны The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасы ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Сахнада әлемге әйгілі этномузыканттар Қазақстанның электронды музыканттарымен бірлесіп өнер көрсетеді. Үш сағаттық шоудың бағдарламасы Венгрия, Грузия, Өзбекстан, Тыва, Таулы Шорияның және Қазақстанның танымал ұжымдарының, солистері мен dance-топтарының өкілдерінен тұрады: Zsombor Feher (Венгрия), Simi (Грузия), ABBOS (Өзбекстан), Radik Tyulyush (Тыва), Chyltys (Таулы Шория) және Steppe Sons (Қазақстан), отандық электрондық музыка өкілдері: AlmaLogic project (Нариман Исенов және Мирхат Катауов), DJ Kokonja, DJ Ruus және Edige, жеке орындаушылар - Layla-Qobyz, Nuketai, Айжан Бектұрған, би ұжымдары - АRTballet (Украина/Қазақстан), TUMОR dance group (Өзбекстан), Gzeba Georgian Dance (Грузия).



«Түрлі ұлттық мәдениеттердің, музыкалық-тарихи дәуірлердің, өнер түрлері мен музыканттар үндестігінің коллаборациясы ерекше жігер беріп, шығармашылық шабытқа бөлейді. Тәуелсіздік жылдары өмірге келген әрі есейген, музыкаға деген өзіндік көзқарастары бар электронды музыканттардың жас буыны алғаш рет үлкен сахнаға шығады. Барлық бағдарлама фестиваль үшін арнайы әзірленеді, - деп атап өтті фестивальды ұйымдастырушылар.



Шоу нақты уақыт режимінде кең форматты LED-дисплейлер арқылы тұтас визуалды перформанс арқылы ұсынылады. Сондай-ақ фестиваль Tengri TV және The Spirit of Tengri-дің ресми YouTube арналарында онлайн көрсетіледі.


Еске салсақ, The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасын 2012 жылы Tengri FM қазақстандық ұлттық радиостанция құрған болатын. Мақсаты-қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестиваль барысында 80-нен астам елден келген жүздеген танымал музыканттар мен ұжымдар өнер көрсетеді. Ал оның қонақтары мен көрермендері – 120 мыңнан астам адам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.