ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Елбасы. Жастар. Болашақ» атты салтанатты...

Алматыда «Елбасы. Жастар. Болашақ» атты салтанатты іс-шара өтті

Мәдениет 01.12.2021, 12:35 1,138
Алматыда «Елбасы. Жастар. Болашақ» атты салтанатты іс-шара өтті
almaty-akshamy.kz
Республика сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күні құрметіне орай мерекелік концерт өтті

Республика сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күні құрметіне орай мерекелік концерт өтті



Іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қаланың құрметті тұрғындары, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық бірлестіктердің, жастар мен балалар ұйымдарының мүшелері шақырылды. Концерт басталар алдында көрермендерге Елбасының мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайтудағы ерекше рөліне арналған бейне көрініс көрсетілді, деп хабарлайдыфһһalmaty-akshamy.kz



Концертте Роза Рымбаева, Әлішер Кәрімов, «МузАрт» музыкалық тобы, «Кешью» тобы және басқа да қазақстандық әртістер өнер көрсетті. Н. Назарбаев жазған әндер, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметіне арналған шығармалар орындалды.



«Ағымдағы жыл біздің мемлекетіміздің өмірінде маңызды болып табылады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бәріміз үшін тарихи күн. Осы жылдар ішінде біздің мемлекетіміз бен халқымыз айтарлықтай биіктерге жетті. Қысқа мерзім ішінде біздің еліміз әлемдік аренаға шықты. Елбасы Н. Назарбаевтың басшылығымен біз ең басты міндеттерді шештік – Қазақстанның шекарасын белгіледік, ядролық қарудан бас тарттық, экономиканың қалыптасуы өтті. Ұлттық қор құрылып, ұлттық валюта қабылданды. Осы жылдар ішінде біздің мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықта тең құқылы әріптес ретінде орнықты», - деп атап өтті қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов.




Өз кезегінде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Тәуелсіздіктің басты құндылықтарын атап өтті.


«Мемлекет үшін 30 жыл аз да, көп те емес. Осы уақыт ішінде біз өсіп,  жетілдік, мемлекетіміздің даму бағытын анықтадық. Жыл сайын біздің еліміз өз позициясын нығайтып, дамушы елдер тобына кіруде. Халқымыздың ортақ күш-жігерінің арқасында біздің қоғамымыздағы бейбіт аспан, игілік, достық әрдайым Елбасы Н. Назарбаевтың қамқорлығында. Барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!», - деді Р. Рымбаева.


«Жігіттер» тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек Тұңғыш Президенттің Қазақстанның дамуындағы зор рөлін атап өтті.




«Барша алматылықтарды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін көп жұмыс жасады. Елбасының қасиетті Түркістан қаласына рухани астана мәртебесін беру жөніндегі бастамасы мен үшін ерекше орын алады. Мен өзім Түркістан облысынан келдім, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде бұл өлкеде көп нәрсе өзгерді және Елбасының жеке қатысуының арқасында көркейе түсті», - деді А. Тұрғамбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.