ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық...

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық сабақтар басталды

Әлеумет 07.09.2021, 12:21 1,139
Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық сабақтар басталды
Сурет: Almaty-akshamy
Бұл сабақтар қаладағы мектептер мен жоғары оқу орындарында өтеді.

Бұл сабақтар қаладағы мектептер мен жоғары оқу орындарында өтеді.


Алматы оқушылары мен студенттеріне мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық сабақтар өткізіледі. Ұрпақ санасына қастерлі Тәуелсіздік жылдарының қасиетін ұғындыратын жоба Алматы қаласындағы мектептер мен ЖОО-да да  бастау алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бір ай бойы республиканың барлық мектептерінде осы тақырыпта сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізіледі.


Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында 5 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сыныптық тәрбие сағаты өтті.


 Ашық тәрбие сағатының мақсаты – білім мен тәрбие беру, оқушыларға 30 жылда еліміз  жеткен 30 жетістікті насихаттау.


Сынып сағаты Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Дәріс барысында Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылды.


Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Бақытбек Бостандықұлының айтуынша, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты мұндай іс-шаралар қаладағы әр мектеп пен балабақшада оқу жылының аяғына дейін ұйымдастырылады. Бостандық ауданы бойынша оқушылар арасында түрлі ашық сабақтар, сурет көрмелері, спорттық ойындар, байқаулар өткізіледі. Ауданда 34 мемлекеттік, 24 жеке меншік мектеп бар. Мемлекеттік мектептерде 37 мыңдай оқушы оқиды. Бастауыш, орта және жоғарғы буын арасында іс-шаралар алдымен  мектептің өзінде, кейін аудан бойынша өтеді.



«Жылдың соңына дейін өтетін іс-шараның М.Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясында басталуының өзі тегіннен-тегін емес. Биыл ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр әрі бұл мектеп –  қаладағы ең үздік мектептердің бірі. Соған байланысты тағылымды шараларды біз  осы мектептен бастағанды жөн көрдік», – деді Бақытбек Бостандықұлы.




Жоғары оқу орындары студенттерінің арасында да Тәуелсіздік ұғымы насихатталып, оның тарихи алғышарттары мен саяси көрінісі түсіндірілді. Мысалы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қабырғасында «Тәуелсіздік жылдарындағы егеменді еліміздің және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың тұғырлы жетістіктері» атты мерекелік шара өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.