AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда екі қалта ұрысы қолға түсті

Алматыда екі қалта ұрысы қолға түсті

Заң мен тəртіп 04.04.2023, 17:15 951
Алматыда екі қалта ұрысы қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Қалта ұрлығын жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды.


63 жастағы И.есімді азамат және 34 жастағы Б.есімді азамат күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алдын ала болжам бойынша күдіктілер 205-бағыттағы қоғамдық көлікте қылмыс жасаған: олар жолаушының күртесінің қалтасынан IPhone телефонын ұрлап, жәбірленушіге 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.



«Ұстау іс-шарасын арнайы топ мүшелері Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп жүргізді. Тінту кезінде ұсталғандардың бірінен Huawei телефоны тәркіленді, ол да ұрланған болуы мүмкін. Сондай-ақ ұсталғандардың қаланың басқа да аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Айтпақшы, бұрын екеуі де мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қалта ұрылары #қылмыстық жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);