AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқаст...

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Медицина 20.03.2026, 14:07 294 Дина
Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды
ҚР Денсаумин

Алматыда дәрігерлер салмағы шамамен 25 келі болатын алып ісікті сәтті алып тастап, науқастың өмірін сақтап қалды. Мамандар бұл жағдай дер кезінде тексерілудің және дәлелсіз ем-домға сенбеудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1957 жылы туған әйел адамның құрсақ қуысында бірнеше ай бойы көлемі ұлғайып келген ісік анықталған. Оның салмағы шамамен 25 келіге жеткен.

Науқас осы уақытқа дейін дәстүрлі емес ем түрлеріне жүгініп, биологиялық белсенді қоспалар қабылдаған. Алайда соған қарамастан ісік өсе берген. Туыстарының айтуынша, әйел өз жағдайын жасырып келген, тіпті ББҚ сатып алу үшін несие де рәсімдеген.

Кейін ол Алматы онкологиялық орталығына жүгініп, онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевтың қарауына түскен. Компьютерлік томография нәтижесінде құрсақ қуысы мен кіші жамбаста көлемі 55×35 сантиметр болатын алып түзіліс бары анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, ісік іс жүзінде бүкіл құрсақ қуысын алып жатқан.

Ота шамамен 2–2,5 сағатқа созылған. Күрделі хирургиялық араласу барысында ісік құрсақ қуысының артқы кеңістігінен алынып тасталған. Операцияны Нұрлан Балтаев пен оның ассистенті Ғалым Сармаш жүргізген.

Алынған ісіктің салмағы 25 келіге жуық болған. Гистологиялық зерттеу қорытындысы бойынша науқастан некроз ошақтары бар құрсақ қуысы артындағы дедефференцияланған липосаркома анықталған. Бұл дерттің қатерлі ісік екенін растаған.

Қазіргі уақытта науқас химиотерапия курсынан өтіп жатыр және мамандардың тұрақты бақылауында.

Дәрігерлер бұл жағдай дәрігерге қаралуды кешіктіру мен дәлелі жоқ ем тәсілдеріне сенудің қаншалықты қауіпті екенін айқын көрсететінін айтады. Мамандар онкологиялық аурулармен күресте уақытылы диагностика шешуші рөл атқаратынын ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);