Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда дабыл жүйесі іске қосылды

Алматыда дабыл жүйесі іске қосылды

Алматы Бүгін 11:05 16
Алматыда дабыл жүйесі іске қосылды
Алматы әкімдігі

Алматыда 25–26 ақпан күндері «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты 25 ақпанда сағат 11:00-де қалада халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.

Әкімдіктің мәліметінше, тексеру барысында «Барлығыңыздың назарыңызға!» дабыл сигналы бойынша қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылды. Сонымен қатар сынақ хабарламасын тарату үшін теле- және радиоарналарды уақытша үзу жүйесі де іске қосылды.

Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, дабыл дыбысын естіген жағдайда теледидарды немесе радионы қосып, ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты тексеру сұралды. Ресми хабарламада берілген нұсқаулармен мұқият танысып, соған сай әрекет ету қажет екені ескертілді.

Алматы әкімдігі «Барлығыңыздың назарыңызға!» сигналы төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде шұғыл ақпарат таратудың алдында халықтың назарын аудару үшін берілетінін нақтылады.

Оқу-жаттығу аясында қаланың барлық ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Әкімдік су тасқыны жағдайы бақылауда болғанын, жедел қызметтер алдын ала қажетті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ дайындық жұмыстары аясында қала аумағынан 150 мың текше метрге жуық қар шығарылғаны хабарланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сирена
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Бүгін 12:53

Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депутат "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс жүргізуді талап етті

Бүгін 12:28

Рамазан–2026: ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға бола ма?

Бүгін 12:15

Қыста ең пайдалы жемістер аталды

Бүгін 12:03

Канададан жеңіспен оралды: Алматы Astana Team жас чемпиондарын қарсы алды

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі