AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арна...

Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған форумы басталды

Әлеумет 16.11.2022, 12:12 1,516 Almaty-akshamy
Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған форумы басталды
Сурет: Министрлік

2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасы бекітілді


Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) екі күндік форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Отырыс барысында қатысушылар көлік бағыттарын әртараптандыру, цифрлық трансформация, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ тұрақты энергетикаға көшу мәселелерін талқылады.


Форумның ашылуында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сөз сөйледі. Ол іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғысын білдіріп, СПЕКА бағдарламасы Қазақстанда өңірлік ынтымақтастықты дамытудағы катализаторлардың бірі ретінде қарастырылатынын атап өтті.



«Біздің мақсат - сауда-экономикалық қатынастарды, адами капиталды дамыту, жаңа өндірістер құру және инвестициялар тарту», - деп атап өтті Ә.Қуантыров.



Министр сондай-ақ СПЕКА елдерінің әлеуетін пайдалану қажеттігін еске салып, сауда-экономикалық хабтардың трансшекаралық желісін іске қосуды ұсынды.


Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы ҚР дамуының басым бағыттары, бизнесті қолдау және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі шаралар туралы айтты.



«Үкімет реттеу саясатын жеңілдету бойынша түбегейлі шаралар қабылдады, бұл бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жоюды білдіреді. Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жаңа белсенді циклдің негізгі бағыттарын айқындайтын 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасы бекітілді. Сонымен қатар, Қазақстан климаттың өзгеруімен күресу жөніндегі халықаралық күн тәртібін белсенді түрде қолдап, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылуда», - деп қорытындылады Ә.Қуантыров.



Сондай-ақ, СПЕКА форумының аясында Ұлттық экономика министрі Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ ЭСКАТО) атқарушы хатшысының тұрақты даму жөніндегі орынбасары Кавех Захедимен кездесу өткізді.


Әңгімелесу барысында Ә.Қуантыров елімізде БҰҰ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалардың маңызды рөлін атап өтті.



«Сіздің қолдауыңызбен Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге көтерілетініне сенімдіміз. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу контекстінде оң тәжірибелерді дамыту және одан әрі жылжыту бойынша Орталық Азия өңірі мен Кавказдағы орталық бола алады. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында ә,ә индикатор қарастырлған, олар мемлекеттік жоспарлау жүйесімен біріктірілген», - деп мәлімдеді министр.



Өз кезегінде Захеди мырза стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдіріп, Қазақстанға жасаған сапарының маңыздылығын атап өтті.



«Қазақстан – ЭСКАТО-ның өте маңызды және белсенді мүшесі. ТДМ, цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастықтың кеңеюін құптаймыз. Біз Қазақстанның гүлденуі мен дамуын қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз», - деді Кавех Захеди.



ЭСКАТО мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы ұйымдастырған Форум өз жұмысын ертең жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #экономика #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);