ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Алматыда бокстан 200-ден астам спортшы бақ сынауда

Алматыда бокстан 200-ден астам спортшы бақ сынауда

Спорт 27.05.2025, 15:19 656
Алматыда бокстан 200-ден астам спортшы бақ сынауда
www.gov.kz
Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі басталды

Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі басталды

Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 101 жылдығына арналған халықаралық бокс турнирі Астана қаласында басталды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды. Жарыс Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің ұйымдастыруымен Армия орталық спорт клубының базасында өтуде.

Биыл 28-ші мәрте өткізіліп отырған бұл дәстүрлі турнир – еліміздің әскери-спорттық өміріндегі ең ірі шаралардың бірі. Ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, сондай-ақ Қарулы күштердің ардагерлері мен спорт саласының беделді өкілдері қатысты.

Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы, Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов өз сөзінде:

«Сағадат Қожахметұлы еліміздің Қарулы күштерінің қалыптасуында баға жетпес рөл атқарған тұлға. Ол біз үшін батырлық пен әскери адалдықтың мәңгілік үлгісі. Осындай турнир арқылы жастарға оның ерлігін үлгі ету – біздің парызымыз», – деді.

Турнирге Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан және Иран елдерінен келген 200-ден астам спортшы қатысуда. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран елдерінің өкілдері турнирге бақылаушы ретінде қатысып отыр. Жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.

Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бұл турнир – бұрынғы чемпиондар үшін үлкен спортқа апаратын алғашқы баспалдақ болған. Бұрынғы жеңімпаздар қатарында Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Василий Жиров, Данияр Елеусінов, Бақтияр Артаев, Жәнібек Әлімханұлы және Біржан Жақыпов секілді аты аңызға айналған боксшылар бар.

Биылдан бастап турнир чемпиондарына "спорт шебері" атағы ресми түрде беріле бастайды. Бұл – жарыстың маңызын одан әрі арттырып отыр.

Астана төріндегі бұл халықаралық турнир 30 мамырға дейін жалғасады. Бұл шара тек спорттық дода емес, сонымен бірге ел қорғаны болған тұлғаның ерлігін ұлықтауға арналған патриоттық мәні зор іс-шара. Спортшылар тек жеңіс үшін емес, батыр рухына тағзым ретінде де рингке шығуда.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.