AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда биыл алты денешынықтыру-сауықтыру кешені...

Алматыда биыл алты денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Экономика 25.06.2021, 11:07 2,513
Алматыда биыл алты денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесі мен білім беруді дамыту және модернизациялау туралы айтты.



Денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мақсатында биылғы жылы Алматыда балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының ота жасау блогы қабылдау бөлімінің жаңа корпусын салу жоспарлануда.


Құлжа трактісінде ауруханалық кластерді дамыту жоспарлануда, мұнда онкологиялық орталық пен ЖҚТБ орталығы бар паллиативті көмек орталығы салынатын болады.


Медициналық қызметтердің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл әрқайсысы 200 келушіге арналған төрт отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.




Алматының медициналық ұйымдарында кадр тапшылығын жою жобасы мақұлданды. Өте тапшы медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқу үшін 120 грант бөлінеді. Біліктілікті арттыру аясында 5 айда 1253 дәрігер мен мейірбике, сондай-ақ вакциналау орталықтарында жұмыс істейтін мыңға жуық еріктілер – студенттер, интерндер мен резиденттер білімдерін жетілдірді.



Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында көтермелеу төлемдері мен жалақыға үстеме ақы белгіленді, сонымен қатар жас дәрігерлердің «Алматы жастарына» қатысуына мүмкіндіктері бар.


Алматыда білім беру саласында 278 мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жеке меншік, бұларда барлығы 288 887 оқушы оқиды. Биылғы оқу жылында 11,5 мың түлек мектеп бітірді. 900 түлек үздік аттестат, 621-і «Алтын белгі» алды. 



Қолжетімді орта білім беру үшін 12,6 мың орынды сегіз мемлекеттік мектептің, 1,7 мың орынды алты жеке мектептің, 8 263 орынды 17 жаңа мектептің құрылысы жүруде, сондай-ақ төрт мектеп сейсмикалық нығайтылуда. Бұл шаралар жыл соңына дейін 21 мыңнан астам жаңа оқушы орын құруға мүмкіндік береді.



Мектепке дейінгі білім беру саласында 65 962 баланы қамтыған 832 мекеме бар. Орын тапшылығын азайту жұмысы жалғасуда, қазіргі кезде 640 орынды төрт мемлекеттік балабақша салынуда. Бұларды жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл басынан бері 1,7 мың орынды 30 жеке мектепке дейінгі мекеме ашылды. Жыл соңына дейін 5 мың орынды тағы 35 жеке балабақша ашу жоспарлануда. Мемлекеттік тапсырыста 20 441 орынды 397 мектепке дейінгі мекеме қарастырылған.


Жыл соңына дейін 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 91%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бүгінгі күні бұл 89,7% құрайды.


Балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуы үшін қосымша білім беру аясын кеңейтудің тетіктері іске асырылуда. Мәселен, Алматыда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру жобасы жүзеге асырылады. Бұл 4 пен 17 жас аралығындағы балаларға спорт секцияларына және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік береді.



Биылғы жылы 4,2 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді тегін үйірмелермен қамту жоспарлануда. Жан басына шаққанда қаржыландыру аясында 4,5 мың адам спорттық секцияларға тегін қатыса алады.



Алматыда жыл соңына дейін спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін Жетісу, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарында алты денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Әрқайсысы тәулігіне 5 мыңға жуық адамды қабылдайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#завод #вакциона #Токаев #Путин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);