ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтыр...

Алматыда бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 187 жағдайы анықталды

Әлеумет 05.12.2022, 09:19 843
Алматыда бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 187 жағдайы анықталды
Cурет: Gov.kz
Алматы жасыл аймақта.

Алматы жасыл аймақта. 


Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Соған қарамастан, оның айтуынша, мегаполистегі жағдай тұрақты, «жасыл» аймақта орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


СЭБД статистикасына сәйкес, соңғы аптада КВИ жұқтыру жағдайының 1,2%-ға аздап өскені байқалады. Осылайша, өткен 7 күнде 155 жұқтыру жағдайы анықталса, осы жолы 187 жағдай тіркелді. Ковид науқастарына арналған төсек-орындарының 100 000 адамға шаққандағы толтырылу деңгейі 9,2 (27 адам) немесе бөлінген 450 төсек-орынның 6%-ын құрайды.



 «Соңғы 7 күнде инфекцияның негізгі ошақтары ретінде сауда нысандары – 33,3%, қоғамдық көліктер – 41,6%, базарлар – 5,4%, басқа өңірлерге сапарлар – 6,5% болды», - деді Ә.Қалықова.



Сондай-ақ спикердің айтуынша, отбасында науқас адаммен байланыс– 7,1%, туыстары мен көршілеріне бару кезінде – 3,0%, жұмыс орнында  – 3,0% жұқтыру жағдайлары анықталған.  Ауру жұқтырғандардың көпшілігі 20-39 жас аралығындағылар – 46,5% жағдай. Одан кейінгі орында 40-59 жас аралығындағы азаматтар – 22%, сондай-ақ 60 және одан жоғары жастағылар – 16%.


Балалар мен жасөспірімдер арасында бұл вирусты жұқтыру деңгейі әлдеқайда төмен: 1 жасқа дейінгі балалар – 6,4%, 14 жасқа дейінгілер – 4,3%, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар – 6,9%.


Брифинг соңында Ә.Қалықова 6 ай сайын белсенді түрде вакцинация алу керектігін, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуды, ал келушілер көп жиналатын қоғамдық орындарда болу қажет болған жағдайда медициналық бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты және жеке бас гигиенасын сақтауға кеңес берді. 


Айта кетейік, Алматыда індет басталғаннан биылғы 4 желтоқсанға дейін коронавирустық инфекцияның 257 522 жағдайы тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.