ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда балалардың қауіпсіздігі күшейтілді

Алматыда балалардың қауіпсіздігі күшейтілді

Заң мен тəртіп 24.04.2025, 13:12 715
Алматыда  балалардың қауіпсіздігі күшейтілді
kolesa.kz
Алматыда "Қауіпсіз жол" акциясы аясында 20 көшеге жол таңбалары сызылып, балалардың қауіпсіздігі күшейтілді

Алматыда "Қауіпсіз жол" акциясы аясында 20 көшеге жол таңбалары сызылып, балалардың қауіпсіздігі күшейтілді

Алматы қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қалада жол инфрақұрылымын жаңарту мен жетілдіру шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Polisia.kz таратқан мәліметке сәйкес, іс-шараның негізгі мақсаты – барлық жол қозғалысына қатысушылар, әсіресе балалар үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыру. Алматы қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша, жыл басынан бері қалада 1 000-нан астам жаңа жол белгілері орнатылып, тозығы жеткен 352 белгі жаңасына ауыстырылған.

"Жол инфрақұрылымын жетілдіру – жол-көлік оқиғаларының алдын алудағы басты құралдың бірі. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі – біздің жұмысымыздың басым бағыты", – дейді Асхат Құлбаев.

Қаланың 20 көшесінде жалпы көлемі 30 500 шаршы метр аумаққа жаңа жол таңбалары сызылды. Бұл шара жол қозғалысын реттеудің тиімділігін арттырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауына оң ықпал етпек.

Бұдан бөлек, мектептер мен балабақшалар маңында орналасқан 75 жаяу жүргіншілер өткелінде жалпы көлемі 1 680 шаршы метр болатын "зебра" таңбалау сызықтары жаңартылған. Бұл балалардың жолды қауіпсіз кесіп өтуіне мүмкіндік береді.

2025 жылдың Қазақстанда "Профилактика" жылы деп жариялануына байланысты, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Алматы қаласының полиция қызметі "Заң және Тәртіп" қағидаты негізінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, құқық бұзушылықты азайту және жол қозғалысы мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Алматыда жүзеге асырылып жатқан "Қауіпсіз жол" іс-шарасы – жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтауға және қаладағы жол инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай етуге бағытталған маңызды қадам. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілуі – бұл бастаманың әлеуметтік мәнін арттыра түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.