AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Балалар жылының қорытындылауға арналған «...

Алматыда Балалар жылының қорытындылауға арналған «Ұлы дала ұрпақтары» шарасы өтеді

Әлеумет 23.12.2022, 16:12 1,451 Almaty-akshamy
Алматыда Балалар жылының қорытындылауға арналған «Ұлы дала ұрпақтары» шарасы өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Іске асырылған жобалар мен байқаулардың нәтижелері бойынша жыл қорытындысы шығарылды


2022 жылдың 27 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде еліміздегі Балалар жылының аяқталуына арналған «Ұлы дала ұрпақтары» атты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жыл бойы ҚР орталық музейі балаларды ұлттық құндылықтарға баулуға және тарихи мұраны зерттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды, көптеген республикалық көрмелер, конкурстар, балалар фестивальдері мен мерекелерін өткізді. Орталық музейдің мәдени-білім беру жұмысында ерекше балаларды қолдауға арналған инклюзивті білім беру бағдарламалары және оқушыларды ғылыми зерттеулерге, жобалық жұмыстарға тарту мақсатында байқаулар ерекше орын алды.  Іске асырылған жобалар мен байқаулардың нәтижелері бойынша жыл қорытындысы шығарылды.


  Іс-шара бағдарламасында:
- «Менің қаламдағы музей» I республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын келесі номинациялар бойынша марапаттау:
1. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынов атындағы номинациясы;
2. «Музей қорындағы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және басқа да жекелеген тарихи тұлғалардың мәдени-мұрасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны»;
3. «Музей жәдігері-рухани құндылық»;
4. «Музей қызметінің маңызы мен мәні (музейде қызмет атқарған және атқаратын тұлғалар)».
- Алматы қаласы мен Алматы облысының жалпы білім беретін мектептері мен мектеп-интернаттары арасындағы ұлттық ойындар бойынша «Музей Кубогы» спартакиадасының жеңімпаздарын номинациялар бойынша марапаттау: «Асық ату», «Бес асық», «Тоғыз құмалақ», «Арқан тарту».
- «Жас экскурсия жүргізушісі» үйірмесінің жеңімпаздары мен мүшелеріне сертификаттар тапсырылады.
- Музейдің инклюзивті бағдарламаларын іске асыру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қолдан жасалған бұйымдары (суреттер мен қолдан жасалған заттар) ұсынылатын «Өмір ағашы - шығармашылық ағашы» шығармашылық бұрышының ашылуы.
- Балалар Коворкинг орталығында ерекше балаларға арналған «Менің Отаным – Қазақстан» музей сабағы.   
- «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық балалар шығармашылық көрмесімен таныстыру.
- Балалар музыкалық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар жылы #музей #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);