Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда автокөліктерден шығатын улы газ бен түтін...

Алматыда автокөліктерден шығатын улы газ бен түтінін тексеру бойынша рейд жүргізілуде

Әлеумет 05.04.2024, 06:52 954
Алматыда автокөліктерден шығатын улы газ бен түтінін тексеру бойынша рейд жүргізілуде
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Полиция департаментімен және Табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жылжымалы экологиялық зертхананы және 3 жылжымалы экологиялық бекетті тарта отырып, Алматы қаласының ауа бассейнін ластаудың негізгі көзі болып табылатын автомобильдердің пайдаланылған улы газ бен түтінінің деңгейін өлшеу бойынша рейд жұмыстары жүргізілуде.


Жүк, жеңіл автокөліктер мен автобустар тексерілуде.  Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы №1/56 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларға сәйкес пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінінің белгіленген нормаларының сақталуына мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 Бензин қозғалтқыштары бар автомобильдердің пайдаланылған газдарын өлшеу көмірсутектердің, көміртегі оксидінің, көмірқышқыл газының, оттегінің құрамына сертификатталған «АВТОТЕСТ-02.03» көп компонентті газ анализаторларымен жүргізіледі. Дизельді көліктердің пайдаланылған газ түтінін МЕТА-01 МП 0.1(ЛТК,К) өлшегішінің көмегімен тексеріледі.


Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерін бұзғаны үшін көлік құралдарының иелері ҚР ӘҚБтК–нің 334-бабы («Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерін асыра отырып, автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, оған сәйкес жеке тұлғаларға-10 АЕК, заңды тұлғаларға-100 АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл көзделген. Жыл ішінде қайталанған жағдайда автокөлік иелеріне жеке тұлғаларға – 20 АЕК, заңды тұлғаларға - 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.



2023 жылы қаланың периметрі бойынша орналасқан 19 стационарлық экопостта шамамен 213 011 өлшеу жұмыстары жүргізілді (бензин қозғалтқышымен - 206 492, дизель қозғалтқышымен – 6 519), олардың ішінде улы газ бен түтіннің белгіленген деңгейінің артуы барлық тексерілген автомашиналардың 15,4% анықталды.


2023 жылы Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 26 мыңға жуық әкімшілік хаттама жасады, оның ішінде:



  • ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы 1-бөлігі бойынша (ескерту) - 20 382 әкімшілік хаттамалар;

  • ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы 1-бөлігі бойынша (айыппұл) - 4 482 әкімшілік хаттамалар;

  • ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы 2-бөлігі бойынша (айыппұл) - 864 әкімшілік хаттамалар;

  •  Жалпы сомасы 207 414 000 теңгеге айыппұл есептелді, оның ішінде 145 272 765 теңге (70% өндіріп алу) өндірілді.


        

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Автокөлік #Рейд #улы газ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.