Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцин...

Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцинациялау басталды

Әлеумет Бүгін 10:51 26
Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцинациялау басталды
Алматы ветеринариялық қызметі

Алматыда эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау және тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында жыл сайынғы ветеринариялық алдын алу және диагностикалық шаралар қолға алынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына қарасты «Алматы ветеринариялық қызметі» мамандары мәлімдеді.

2026 жылдың алғашқы тоқсанына арналған жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егіледі. Атап айтқанда, аусылға қарсы 1 760 бас ірі қара, 1 230 бас ұсақ мал және 120 бас шошқа вакцинациядан өтеді. Сібір жарасының алдын алу үшін 120 шошқа, 14 түйе және 26 бір тұяқты жануар егіледі. Сонымен қатар, эмфизематозды карбункулға қарсы 1 120 бас ірі қара, ал нодулярлы дерматитке қарсы 1 420 бас ірі қараға вакцина салу көзделген.

Бұдан бөлек, жоспар аясында 1 000 бас ірі қара мен 14 түйеге туберкулезге қарсы аллергиялық тексеру жүргізіледі. Диагностикалық жұмыстар барысында 350 ірі қарадан, 150 ұсақ малдан және 200 жылқыдан бруцеллезге қарсы қан сынамалары алынады.

Қарсы эпизоотиялық шаралардың барлығы, оның ішінде вакцинация да, зертханалық тексерулер де мемлекеттік тапсырыс аясында жануар иелері үшін тегін жүргізіледі.

Ветеринар мамандары жануар иелерін егу мен қан алу кезінде қолдау көрсетуге, жаңа туған төл туралы дер кезінде хабарлауға, жануарларды міндетті түрде сәйкестендіруге және деректерді жүйеде уақытылы жаңартуға шақырады. Сондай-ақ, ауру белгілері байқалған немесе мал өлімі тіркелген жағдайда жедел хабарлау аса маңызды.

Жануарларды тексеру, төлді есепке қою, жеке тұтыну үшін есептен шығару, деректерді түзету және вакцинация мен диагностикалық шаралар туралы ақпаратты нақтылау үшін Tort Tulik мобильді қосымшасын жүктеу қажет.

Вакцинация және диагностикалық жұмыстар бойынша келесі аудандық ветеринариялық мамандарға хабарласуға болады:

• Алатау ауданы — +7 708 753 1783 (Еркін Арысбеков)

• Әуезов ауданы — +7 747 804 6740 (Сәбит Айтбаев)

• Бостандық ауданы — +7 708 832 8865 (Сәбит Маткаримов)

• Жетісу ауданы — +7 776 052 3563 (Сәрсенбек Үмбетаев)

• Медеу ауданы — +7 777 369 5976 (Сәбит Мыңжасаров)

• Наурызбай ауданы — +7 707 515 7707 (Марат Қалиев)

• Түрксіб ауданы — +7 707 386 0692 (Жомарт Кәрімов)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар құс етін 20 тәулікке дейін сақтайтын инновациялық технология жасады

Бүгін 11:56

Ораза кезіндегі ұйқының маңызы

Бүгін 11:32

Жамбыл жырлары – жас буын жүрегінде

Бүгін 10:59

Алматыда есірткі контрабандасының жолы кесілді

Бүгін 10:32

Алматыда киберполиция жалған лаңкестік ақпараттың салдары туралы ескертті

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі