AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әскери міндеттілердің жиындары басталды

Алматыда әскери міндеттілердің жиындары басталды

Әлеумет 11.06.2024, 12:02 812 dulatbekova
Алматыда әскери міндеттілердің жиындары басталды
Сурет: Gov.kz

29219 әскери бөлімінің базасында тылдық қамтамасыз ету мамандарының әскери жиындары өтіп жатыр.

Іс-шаралар әскери міндеттілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге, әскери дайындықтың талап етілетін деңгейін және оларды қолдануға әзірлігін қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.   

Тылдық қамтамасыз ету саласында арнаулы мамандарды дайындау жүргізілуде. Олардың қатарында аспазшы, наубайшы, отын жабдықтарын, киім-кешек заттарын жөндеу шеберлері, кір жуу, киім шеберханаларының бастықтары, ветеринарлық фельдшерлер мен зертханашылар бар.

Оқу материалдық-техникалық база білім алушыларға тылдағы қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылар қорын беруге мүмкіндік береді. Әскери міндеттілердің тұрмысын ұйымдастыру үшін әскери шаруашылықтың барлық элементтері орналастырылған, мәдени және спорттық іс-шаралар қарастырылған.

– Жиынға медициналық комиссиядан сәтті өткен 120-дан аса адам тартылған. Тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен әскери міндеттілер әскери шаруашылық жүргізуге, тамақтануды ұйымдастыруға, заттай мүлікпен қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің басқа да мәселелеріне оқытылатын болады. Оқу арнайы тренажерларды қолдану арқылы өтетінін айта кету керек, – деп түсіндірді жиын бастығы, 29219 әскери бөлімінің командирі полковник Мирхат Оғызбаев. 

Тиісті әскери-есептік мамандық бойынша жиындардың оқу бағдарламасын игеру емтихандар мен сынақтарды тапсыру жолымен тексерілетін болады. Бағдарламаны сәтті игергендерге кезекті әскери атақ беріледі.

Жиынға шақырылған запастағы ефрейтор Рашит Бегенбай өз жоспарларын ортаға салды.

– Уақытысында мерзімді қызметімді өтедім. Болашақта келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді жоспарлап отырмын. Сондықтан қазіргі жиындар мен үшін өз дағдыларымды жетілдіру тұрғысынан өте пайдалы болады, –  деді ол.                                                                                   

Жиындар 9 шілдеге дейін жалғасады. Осы кезеңде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Республикалық бюджет есебінен оларға орташа айлық жалақы төленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#29219 әскери бөлім #әскери жиындар #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);