ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда аңызға айналған әскери техника қойылған а...

Алматыда аңызға айналған әскери техника қойылған ашық аспан астындағы жаңа музей ашылды

Әлеумет 05.05.2025, 17:52 675
Алматыда аңызға айналған әскери техника қойылған ашық аспан астындағы жаңа музей ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Жауынгерлік Даңқ музейі жаңартылды: ашық аспан астында жаңа бөлім ашылды

Алматыда Жауынгерлік Даңқ музейі жаңартылды: ашық аспан астында жаңа бөлім ашылды

Алматыда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Жауынгерлік даңқ музейінің жаңа «Ашық аспан астындағы музей» бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Армия үйінің (бұрынғы Офицерлер үйі) аумағында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қарулы күштердің өкілдері мен құрметті қонақтардың қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Салтанат Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қорғаныс министрлігі мен қала әкімдігі атынан құттықтау сөздер айтылды. Жаңа экспозицияны жасауға атсалысқан әскери қызметкерлер марапатталды. Рәсімнің басты сәті – лентаны қиып, алғашқы экскурсияның басталуы болды.

Жаңа экспозициялық бөлім Ш.Қалдаяқов көшесі жағындағы ашық алаңда орналасқан. Мұнда 30-дан астам түпнұсқа және қалпына келтірілген әскери техника үлгілері қойылған. Барлық экспонат қалпына келтіріліп, техникалық сипаттамалар мен тарихи мәліметтер жазылған тақталармен жабдықталған.

Экспозицияда Жеңістің символына айналған Т-34 танкі, аты аңызға айналған БМ-13 «Катюша» зымыран тасығышы, сондай-ақ Т-44 және Т-55 сияқты кеңестік танкілер бар. Сонымен қатар, БТР-40, БРДМ-1 және БРДМ-2 бронетранспортерлері, БМП-1 жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, әртүрлі гаубицалар, минометтер, зениттік және далалық артиллерия құралдары қойылған.

Көрмедегі ерекше қызығушылық тудыратындар – шетелдік сирек үлгілер: 120 мм «Финуляну» минометі (Швеция), 158 мм «Кебельверх-41» минометі (Германия) және 105 мм M-2A1 HOWITZER гаубицасы (АҚШ). Сондай-ақ, 203 мм БЛ-39 гаубицасы, 122 мм М-30 гаубицасы, 100 мм БС-3 далалық зеңбірегі, ЗПУ-2 және С-60 зениттік құрылғылары, ПМ-120 және М-240 минометтері сынды артиллериялық техника да көрмеге қойылған.

Жауынгерлік даңқ музейі 1965 жылы құрылған және ол Алматыдағы әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды орталығы саналады. Музей топтамасы XIX ғасырдан қазіргі күнге дейінгі Қазақстанның әскери тарихын қамтиды. Негізгі қор майдангерлердің түпнұсқа құжаттары, фотосуреттері, хаттары, марапаттары мен жеке заттарынан тұрады. Материалдардың елеулі бөлігін генерал Панфиловтың қызы – Панфилов дивизиясының ардагері Валентина Панфилова тапсырған.

Музей Алматы қаласы, Медеу ауданы, Зенков көшесі, 24 мекенжайында орналасқан. Жалпы ауданы 1260 шаршы метрден асады. Мұнда 15 маман жұмыс істейді, жыл сайын 25 мыңнан астам адам музейді тамашалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,291 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.