Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті да...

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Алматы Бүгін 16:26 27
Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Алматыда кәсіпкерлікті дамытудың «Almaty Business – 2030» атты жаңа өңірлік бағдарламасы ұсынылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарлама шағын және орта бизнесті қолдауды кеңейтуге, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Бұл туралы мәслихат сессиясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Берікбол Мәндібаев баяндады.

Алдыңғы бағдарламаның нәтижелері

Берікбол Мәндібаевтың айтуынша, Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №419 шешімімен бекітілген «Almaty Business – 2025» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті.

Бағдарлама аясында:

  • бюджеттен 30,6 млрд теңге бөлініп,

  • жалпы сомасы 56,5 млрд теңгеге 793 жоба қаржыландырылды,

  • оның 25,9 млрд теңгесі қайтарымды қаражат есебінен қамтамасыз етілді,

  • нәтижесінде 6,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

«Қол жеткізілген көрсеткіштер бизнесті қолдау құралдарының тиімділігін дәлелдеп, кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастырды», — деді баяндамашы.

«Almaty Business – 2030»: жаңа бағдарлама не ұсынады?

Оң серпінді сақтап, бизнес үшін мүмкіндіктер аясын кеңейту мақсатында «Almaty Business – 2030» жаңа өңірлік бағдарламасын бекіту ұсынылып отыр.

Бағдарламаның негізгі жаңашылдықтары:

  • қала экономикасының басым салаларына қолдау шараларын шоғырландыру;

  • әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған жаңа несиелік өнімдерді енгізу;

  • қаржыландыру лимиттері мен сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарау;

  • мемлекеттік мүлікті иеліктен шығармай, инвестициялық жобаларға ӘКК-нің жаңа тетік арқылы қатысуы.

Әлеуметтік кәсіпкерлікке – кепілсіз несие

Бағдарлама аясында «Almaty» микроқаржы ұйымы арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне кепілсіз кредит беру көзделіп отыр.

Негізгі шарттар:

  • негізгі құралдарды сатып алу және жөндеуге – 1 300 АЕК-ке дейін;

  • айналым қаражатын толықтыруға – 500 АЕК-ке дейін;

  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;

  • мерзімі – 5 жылға дейін.

Бұл шара әлеуметтік бағыттағы бизнесті дамытуға және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Сыйақы мөлшерлемелері қайта қаралады

Жаңа бағдарламада қаржыландыру шарттары да жаңартылды:

  • жылдық 6% — әлеуметтік кәсіпкерлерге, шағын өнеркәсіптік парктер резиденттеріне, креативті индустрия мен инновациялық инфрақұрылым жобаларына;

  • жылдық 9% — шағын және орта бизнестің өзге жобаларына;

  • жылдық 12% — «Almaty» МҚҰ арқылы 1 500 АЕК-ке дейінгі кепілсіз қарыздар (12 айға дейін).

ӘКК-нің инвестициялық жобаларға қатысуының жаңа тетігі

Бағдарламаның маңызды жаңашылдықтарының бірі — ӘКК-нің инвестициялық жобаларға бірлескен қызмет туралы келісім негізінде қатысуының жаңа тетігі.

Бұл тетік бойынша:

  • жер учаскелері басқармаға қысқа мерзімді жалға беріледі;

  • ӘКК жоба операторы ретінде айқындалады;

  • инвесторлар конкурстық негізде іріктеледі;

  • басқарма, ӘКК және инвестор арасында үшжақты келісім жасалады.

«Бұл тәсіл мемлекеттік активтердің сақталуын қамтамасыз етіп, инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін жеделдетуге мүмкіндік береді», — деді Берікбол Мәндібаев.

«Бағдарламаның іске асуы қаланың экономикалық әлеуетін нығайтып, тұрғындардың өмір сапасын арттырады», — деп түйіндеді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Бүгін 17:25

Ауа райы болжамы: елордада аяз, Алматыда күн жылынады

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.