ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконс...

Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді

Әлеумет 11.04.2025, 14:17 662
Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов
Алматыда төрт субұрқақ кешенінің қайта жаңартылуы басталды, олар Алматы әкімдігінің Шығыс және Батыс субұрқақтары, Республика алаңындағы субұрқақ және Ғ.Мүсрепов атындағы театр ғимараты алдындағы...

Алматыда төрт субұрқақ кешенінің қайта жаңартылуы басталды, олар Алматы әкімдігінің Шығыс және Батыс субұрқақтары, Республика алаңындағы субұрқақ және Ғ.Мүсрепов атындағы театр ғимараты алдындағы субұрқақ.

Жобаның сараптамасы көрсеткендей, бұл нысандардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Гидрооқшаулаудың тозуы, ескірген насос қондырғылары мен сүзгілеу жүйелері кешенді жаңартуды қажет етеді.
Модернизация аясында техникалық ғимараттардың құрылымдарын күшейту, инженерлік коммуникацияны, су жабдықтауды, гидрооқшаулаушы қабатты толық ауыстыру, насос станцияларымен және су сүзу жүйелерін жаңарту, автоматтандырылған басқаруды енгізу, сондай-ақ, жақын аумақтарды көркейту жоспарланған.

Сонымен қатар, бүріккіштер, жарықтандыру құралдары, сорғы қондырғылары, бассейндер, жарықтандыру, құбырлар, гранит плиталары және басқа да маңызды элементтер ауыстырылады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін субұрқақ кешендерінде электр тогының соғу қаупін болдырмайтын төмен вольтты шамдар мен құрғақ сорғы жабдықтары орнатылады. Суды тазарту белсенді оттегі генераторын қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл сұйық хлордан бас тартуға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, субұрқақтарды ауқымды қайта жаңарту алғаш рет жүргізіліп отыр. Бұрын тек кішігірім жөндеу жұмыстары ғана жасалған. Жобаның аясында тарихи келбетті сақтау ерекше назарда болады, бұл жаңартылған нысандардың сәулеттік құндылығын сақтап, қала ландшафтында үйлесімді түрде орналасуын қамтамасыз етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуірде басталып, 2025 жылдың қазан айында аяқталады. Қайта жаңартудан кейін субұрқақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін әсемдік пен демалыс аймақтарына айналады.


Тарихи анықтама:

Алматы әкімдігінің Шығыс және Батыс субұрқақтары 1979 жылы Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевтың бастамасымен ірі сәулет жобасы аясында салынды. Оларды әзірлеумен сәулетші Қ. Монтахаевтың басшылығымен «Алмаатағипрогор» жобалау институты айналысты. Субұрқақтар Республика алаңының айналасындағы әкімшілік ғимараттар ансамбліне үйлесімді түрде орналасқан. 2010 жылы субұрқақтарға косметикалық жөндеу жүргізілген, бірақ қазіргі уақытқа дейін күрделі жаңарту жұмыстары жүргізілмеген.

Республика алаңындағы субұрқақ 1979 жылы салынған және осы алаңның басты элементі болып табылады. Оның жобасын да архитектор К. Монтахаев пен «Алмаатагипрогор» институты әзірлеген. 2010 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді, бірақ қазір құрылымдар мен инженерлік жүйелерді толық жаңарту қажет.

Ғ.Мүсірепов атындағы театр ғимараты алдындағы субұрқақ 1962 жылы салынған. Жоба авторлары сәулетшілер А.А. Леппик, Н.И. Рипинский және В.З. Кацев. 2009 жылы субұрқақ ішінара қалпына келтірілді, бірақ бүгінде ол күрделі жөндеуді қажет етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.