Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жам...

Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды

Алматы Бүгін 17:21 22
Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды
Алматы әкімдігі

Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында Қазақстандағы балалар травматологиясы үшін бірегей ота жасалды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Науқас 13 жасында жол-көлік оқиғасы салдарынан жамбас сүйегінен, оң жақ санынан және тізе буынынан ауыр жарақат алған. Көпжылдық емдеу мен оңалту шараларына қарамастан, жамбас-сан буынының тірек-қимыл қызметін толық қалпына келтіру мүмкін болмаған. Қыз бала біреудің көмегімен қозғалып, оң аяғынан ақсап жүрген. Қойылған диагноз — сан сүйегі басының асептикалық некрозы, яғни сан мойны сынуының асқынуы — жамбас сүйегінің қисаюына, омыртқа жотасының деформациясына және тұрақты ауырсыну синдромына әкелу қаупін тудырған.

Үш жыл бойы стационарлық ем үй жағдайындағы оңалтумен алмасып отырды: дәрігерлер зақымданған аяқ-қолды кезең-кезеңімен қалпына келтіріп, ағзаның қалпына келуіне мүмкіндік беретін үзілістер жасап, кейін емдеудің келесі кезеңіне көшкен.

«Науқас небәрі 17 жаста болғандықтан, біз үшін бұл оңай шешім болған жоқ. Алайда жамбас-сан буынын толық эндопротездеуден басқа балама болған жоқ», — деді Орталықтың травматология бөлімінің меңгерушісі Бақыт Қожаханов.

100 минутқа созылған ота 2026 жылы 7 ақпанда сәтті өтті. Ота алдында басқа емханалардың мамандары қатысқан бірнеше консилиум ұйымдастырылып, Астана қаласындағы әріптестердің тәжірибесі зерделенді. Операциялық топ құрамында: Бақыт Қожахметов, Дархан Сүкбаев, Болат Ермекұлы, ал анестезиолог — Таңжарық Бидайбай болды.

Отадан кейін екі апта ішінде қыз бала хирургтердің бақылауымен бастапқы оңалту кезеңінен өтті. Жасөспірімнің анасының айтуынша, қызының жағдайы айтарлықтай жақсарған: «Аяқтарының ұзындығы теңестірілді, қызым өздігінен жүре бастады, қазір қалпына келу үдерісін жалғастырып жатыр. Қазір үйдеміз, алда әрі қарайғы оңалту кезеңі бар».

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы бойынша ақпараттық кездесу өтті

Бүгін 18:08

Ел өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болмақ

Бүгін 17:45

ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды

Бүгін 17:20

Елімізде екі күн қатарынан өскен доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:10

Алматыдан көші-қон заңын бұзған 40 шетел азаматы шығарылды

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі