конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арнал...

Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арналған инновациялық технология таныстырылады

Медицина 17.07.2026, 12:23 236
Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арналған инновациялық технология таныстырылады
ашық дереккөз

21 шілдеде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Қазақстанға алғаш рет жеткізілген NEUROLITH (Storz Medical, Швейцария) аппараты таныстырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында өндіруші компанияның халықаралық сарапшысы Себастьян Мюллер (Sebastian Mueller) дәріс оқып, құрылғының жұмыс істеу қағидатымен және Transcranial Pulse Stimulation (TPS) технологиясының ерекшеліктері туралы баяндайды. Сонымен қатар бұл әдістің шетелдік клиникалардағы қолданылу тәжірибесі мен оны Қазақстанның клиникалық практикасына енгізу мүмкіндіктері таныстырылады.

TPS – ми тіндеріне қысқа акустикалық импульстар арқылы әсер ететін инвазивті емес емдеу әдісі. Қазіргі таңда бұл технология Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарды емдеу және оңалту мақсатында бірқатар шетелдік медициналық орталықтарда қолданылып келеді.

Халықаралық сарапшының сапары аясында қазақстандық дәрігерлерге жаңа технологияны пайдалану бойынша тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады. Мамандардың айтуынша, бұл бастама еліміздегі неврологиялық көмекті дамытуға және заманауи емдеу әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Таныстырылым 21 шілде күні сағат 14:00-де Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында өтеді. Мекенжайы: Қазыбек би көшесі, 96, 4-қабаттағы үлкен конференц-зал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);