Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бас...

Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады

Әлеумет 03.10.2024, 09:02 1,736
Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жылыту маусымының басталуы: үйлерге жылу мерзімінен бұрын берілетін болады

 

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарлануда. Бірінші кезекте, жылу  әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға  берілетін болады. Қазіргі кезде жылыту маусымына дайындық 99%-ды құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«АлТС» ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді. Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл жылыту маусымына дайындық аясында қаланың алты ауданында 20 км жылу желілері қайта жаңартылды. Мамандар желілерді сынау мен жөндеуді сәтті аяқтап, сорғы жабдықтарын жаңартты. Барлығы 69 сорғы станциясы және 24 резервуар-аккумулятор дайындалды, бұл ыстық су желісіндегі ең жоғары жүктемелерді теңестіруге мүмкіндік береді.

Ақауларды жедел  жою үшін 2024-2025 жылдарғы жылыту маусымында қажетті апатты материалдар мен жабдықтар қоры  жасалған. Апатты жағдайлар кенеттен болған кезде оларды жоюмен 16 апатты және жөндеу бригадалары жұмыс жасайды , олардың құрамында 220 адам мен 56 техника бар. Сондай-ақ, 33 учаскенің пайдаланылатын 7 ауданындағы 714 адам жұмыс істеуге дайын.

Еске салсақ, Алматыда жылыту маусымы әдетте 15 қазаннан басталады, бұл кезде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн ішінде +8 градусқа дейін немесе одан төмен түседі. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды. Өткен жылы жылу 10 қазаннан бастап берілген болатын.

Жылуды қосу кезең кезеңімен жүреді:

- Әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер);

- Тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;

- Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

- Басқа ғимараттар.

Тұтынушыларға энергия беруші ұйым жылыту маусымының басталғаны туралы хабарлайды, ал апаттық және сервистік қызметтер объектілерде жылуды қосу жөніндегі нұсқаулықтарды алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылу #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.