ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әрті...

Алматыда әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әртістер өнер көрсетті

Мәдени Алматы 02.08.2024, 11:36 1,055
Алматыда әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әртістер өнер көрсетті
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев
Алматыда ALMATY CIRCUS FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі аяқталды. Цирк манежінде Қытай, Жапония, Қазақс­тан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам,...

Алматыда ALMATY CIRCUS FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі аяқталды.

Цирк манежінде Қытай, Жапония, Қазақс­тан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікс­тан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопия сияқты әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әртістер өнер көрсетті.

Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы 54 жылдығын атап өтті. Өткен жылы, араға 35 жыл салып, цирк артистері Алматы қала­сы әкімдігінің қолдауымен шетелге гаст­рольдік сапарларын қайта бастады. Қытай мен Ресейдің үздік цирк мектептерінде біліктілігін арттырып, оқудан өтті, елден тыс жерлерде беделді конкурстар мен фес­тивальдарда марапаттарға ие болды. Енді екінші жыл қатарынан аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркі Халықаралық фес­тиваль өткізіп отыр. 

«Біздің цирктің жарты ғасырдан астам тарихы бар және оның өз фестивалі болуы керек. Біз артистеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Алматы циркі халықара­лық аренада белсенді жұмыс істеуде. Қазір әкімдік айрықша қолдау көрсетіп келеді, бұ­ған біз өте қуаныштымыз. Біз үлкен жос­парларды жүзеге асыра отырып, мәдени туризмді дамытуға өз үлесімізді қосып жа­тырмыз. Алматы тұрғындары мен қонақта­ры әлемнің үздік артистері ұсынған қойы­лымдарды өз көздерімен көруі тиіс», – деп атап өтті Қазақ мемлекеттік циркінің дирек­торы Мақсат Жайықов.

ALMATY CIRCUS FESTIVAL аясында эквилибристер, акробаттар, әуе гимнастта­ры, арқанмен жүрушілер мен жонглерлер өздерінің кәсібилігі мен шеберлігін көрсету­де. Көрермендерді таңқалдырып, ұмытыл­мас шоу ұсыну үшін артистер қауіпті, қы­зықты әрі күрделі трюктерді орындады. Қызықты фактілердің бірі: Қытайдан келген қатысушы Ван Манчэн өзімен бірге салмағы екі тоннаға жуық ауқымды реквизиттерді алып келген. Айта кетейік, фестивальде Ма­рина Стародубова мен Даяна Жетпісова «Жаңбырдағы ұшу» нөмірімен, сондай-ақ Нұрым Құленбаевтың жетекшілігімен жонг­лер-виртуоздар Қазақстан атынан өнер көр­сетті.

Фестиваль 28 шілдеге дейін жалғасты, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматыда қа­лып, тамыз айының соңына дейін мегаполис тұрғындары мен қонақтарына фестиваль бағдарламасымен өнер көрсетеді. Қазақ мем­лекеттік циркінің әрі ALMATY CIRCUS FESTIVAL қойылымдарының бас режиссері Марина Редько артистер нағыз шоу жасаға­нын айтты. Бағдарлама Қазақстан үшін сирек кездесетін жанрлармен қамтылған.

«Өткен жылы бірінші фестивальде тіс­пен трюк жасаған нөмірлер болды. Ал осы жылы артистер «аяқпен», өкшемен өте күрделі трюктар орындады. Қазір жазғы демалыс, осы уақытта балалар мен ересек­тер әлемнің үздік цирк артистері ұсынған қойылымдарды тамашалағанын қалай­мын», – деп атап өтті Марина Редько.

Жарыс қорытындысы бойынша гран при «Үшінші дем» нөміріне берілді. Өз­бекстандық даршылар Кристина Воробьё­ваның жетекшілігімен жеңімпаз атанды. Отандастарымыз да жүлдесіз қалмады «Жауында ұшу» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктерінде өнер көрсеткен Марина Ста­родубова мен Даяна Жетпісова күміс жүл­де иегері атанды. Бұл жұптың жетекшісі жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Дос­батыров.

«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» жеңім­паздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен өтетін фестиваль бағдарламасы 2024 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.

Билеттерді цирк кассасынан және Freedom Ticketon-нан сатып алуға болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.