AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Алатау» театры базасында инклюзивті үйір...

Алматыда «Алатау» театры базасында инклюзивті үйірмелер жұмыс істейді

Әлеумет 07.02.2025, 09:15 915 Bakyt
Алматыда «Алатау» театры базасында инклюзивті үйірмелер жұмыс істейді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдар театр өнерін тегін меңгере алады. «Алатау» дәстүрлі өнер театры мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 10 инклюзивті үйірме ашып, би, ән айту, ым тілінде ән айту, күлдіргі ойында және саңырауларға арналған дактилология өнеріне үйретеді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында театр директоры Мақсат Нұралиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар шығармашылық ұжымдардың құрамына еніп, алматылық театр сахнасында өнер көрсетуге, сондай-ақ халықаралық байқауларға қатысып, әлемдік деңгейде талантын танытуға мүмкіндік алады.

«Сабақтар аптасына 3 рет, 2 сағаттан өтеді. Оқытуды театр артистері мен қазақ зағиптар және саңыраулар қоғамының жетекшілері жүргізеді. Қазіргі таңда біздің студиялар мен үйірмелерде шамамен 200 адам білім алып жатыр. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен 130-дан астам іс-шара өткіздік. Олардың ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған халықаралық фестивальдер мен байқаулар, қайырымдылық концерттер, дәрістер мен мәдениет қайраткерлерімен кездесулер бар. Біз инклюзивті орта қалыптастыруға тырысамыз, мұнда өнер адамдар соның арасындағы нағыз байланыс құралына айналады. Біздің артистеріміз – рухтың беріктігі мен шексіз мүмкіндіктердің айқын дәлелі. Бүгінде Италия, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзияда өткен халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған қатысушыларымыз бар. Бұл жобаларға біздің өнерпаздар әкімдіктің қолдауымен қатысты», – деді Мақсат Нұралиев. 

Айта кетейік, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға мәдени демалысты ұйымдастыру» бөлімі бар. Онда зағип және саңырау жандар қызмет атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #үйірме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);