конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда әл-Фараби мұрасы мен цифрлық ортаның дінг...

Алматыда әл-Фараби мұрасы мен цифрлық ортаның дінге ықпалын баяндайтын жаңа зерттеуді таныстырды

Білім және ғылым 07.04.2026, 11:47 446
Алматыда әл-Фараби мұрасы мен цифрлық ортаның дінге ықпалын баяндайтын жаңа зерттеуді таныстырды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан фарабитанудағы жетекші орталықтың бірі ретіндегі орнын нығайтып, сонымен қатар цифрландырудың дін мен қоғамға әсерін бағалайтын жаңа ғылыми бағыттарды қоса дамытып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлер осы туралы айтты.

Философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Жақыпбек Алтаев отандық фарабитану мектебі жүйелі ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, халықаралық деңгейде мойындалғанын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанда әл-Фараби мұрасын зерттеу, аудару мен насихаттау жұмысы 1960–70 жылдары басталып, қазір жаңа деңгейге жеткен.

«Қазақстан әл-Фараби мұрасын зерттейтін әлемдегі үлкен орталықтың біріне айналды. Оның ізгі қоғам, адамгершілік пен ақыл-ойдың рөлі туралы айтқан сөздері мен идеялары бүгінде әлі де өзекті болып отыр», – дейді спикер.

Елімізде ойшылдың негізгі трактаттары қазақ-орыс тілінде жарық көргенін, әрі ғалымдардың көпжылдық зерттеуін жүйелейтін 20 томдық «Фарабитану» жинағын шығару бойынша үлкен жоба жүзеге асып жатқанын да айтады.

Брифинг барысында гуманитарлық ғылымдардың замандық даму бағыттарын да таныстырды. PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы Динара Утебаева цифрлық қоғамдағы діннің трансформациясы туралы баяндады.

Айтуынша, интернет пен әлеуметтік желі ақпарат тарататын арна ғана емес, жаңа діни тәжірибе мен бірегейлікті қалыптастырар кеңістікке де айналған.

«Қазір медиакеңістіктегі дін – бұл тек коммуникация емес, жастар арасында жаңа әлеуметтік тәжірибе мен құндылық қалыптастыратын орта», – дейді.

Спикердің айтуынша, алдағы зерттеулер алгоритмдердің, жасанды интеллектінің ықпалы, медиасауаттылық пен онлайн-радикализацияның алдын алу мәселесіне бағытталмақшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әл-Фараби
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);