Әр дауыс маңызды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы Алмагүл шағынауданы, 42-үй мекенжайында орналасқан №301 сайлау учаскесінде актер Ерболат Оралбекұлы Төлеген Құрылтай сайлауында таңдау жасап, дауыс берді.
Актер ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.
«Әр азаматтың сайлауға қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Елдің ертеңі – бүгінгі таңдаудан басталады. Әр дауыс маңызды, ал әр таңдау – жарқын болашаққа жасалған қадам!», – деді ол.