AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Айттым құлдық, Қаламқас» жыр кітабы таны...

Алматыда «Айттым құлдық, Қаламқас» жыр кітабы таныстырылды

Әлеумет 19.11.2022, 10:00 1,247 Almaty-akshamy
Алматыда «Айттым құлдық, Қаламқас» жыр кітабы таныстырылды
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, белгілі ақын, танымал журналист Төреғали Тәшеновтің мерейтойына орай әдеби басқосу және «Айттым құлдық, Қаламқас» жыр кітабының тұсаукесері өтті.


Кешті белгілі актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан авторлары қоғамының бас директоры Есеналиев Байғали Мақұлбекұлы жүргізді.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Карин Ерлан Тынымбайұлының  ақын Т. Тәшеновке Құттықтау хатын табыстады.


Лента қию рәсіміне қатысқандар: Мәлік Отарбаев, Бауыржан Жақып, Шәміл Әбілтай, Байбота Қошым-Ноғай.


Сөз сөйлеген қоңақтар: белгілі ақын,  филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып; ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Жанар Әбдікерімова; прозаик, «Айқын» газетіннің журналисі Нұрболат Адырбек; «Ана тілі» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбай; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кәдірбек Құныпияұлы; журналист, «Созақ үні» газетінің бас редакторы Сәрсенбек Теңізбаев және т.б.



Шара барысында домбырашы, композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаев пен белігілі әнші, мәдениет қайраткері Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсетті.


Кештің соңында  Т. Тәшенов  қорытынды сөз сөйлеп, сиясы кеппеген жаңа жырларынан үзінді оқыды.


Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың шығармашылығына арналған «Төреғали Тәшенов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  


Жаңа кітап іс-шара соңында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.


Қатысушылар: Төреғали Тәшеновтің туыстары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, студенттер және кітапхана оқырмандары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);