Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13...

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Алматы Бүгін 19:17 73
Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды
Сурет: astananews.kz

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаның 13-маусымы қорытындыланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Жоба аясында үздік бизнес-идеялар байқауы өтіп, финалистер арнайы форум барысында марапатталды. Іс-шара кәсіпкерлерді, сарапшыларды және іскерлік қауымдастық өкілдерін бір алаңға жинады.

Биыл байқауға 1 600-ден астам өтінім түсіп, олардың ішінен 19 жоба жартылай финалға өтті. Қорытындысында 11 қатысушы 1–1,8 миллион теңге көлемінде грант ұтып алып, өз кәсіптерін бастауға немесе кеңейтуге мүмкіндік алды. Жеңімпаздардың басым бөлігі – әйелдер, сондай-ақ финалистер арасында жастар көп.

Грант иегерлері ұсынған жобалар түрлі бағыттарды қамтиды: азық-түлік өндірісі, ұлттық нақыштағы бұйымдар тігу, қызмет көрсету саласы және шығармашылық индустрия. Барлық жобалар форум аясында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкеде таныстырылды.

Жоба кәсіпкерлік негіздерін оқыту, тәлімгерлік қолдау және гранттық қаржыландыруды қамтиды. Осы уақытқа дейін мыңдаған қатысушы тегін білім алып, нәтижесінде көптеген шағын кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылған.

Бағдарлама жыл сайын жаңартылып, заманауи технологияларды қолдануға басымдық береді. Биыл қатысушыларға бизнесте жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану бойынша арнайы модуль ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба әйелдер мен жастардың экономикалық белсенділігін арттырып, өңірлердегі кәсіпкерлік әлеуеттің дамуына үлес қосып келеді.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әйелдер кәсіпкерлігі #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17

Алматы полициясы 9 адамға іздеу салды

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.