AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда аяқ-қол кемістігінің зардабын тартып жүрг...

Алматыда аяқ-қол кемістігінің зардабын тартып жүрген балаларға көп деңгейлі операциялар жасалды

Медицина 23.07.2025, 10:26 714 Нұржамал Әлішева
Алматыда аяқ-қол кемістігінің зардабын тартып жүрген балаларға көп деңгейлі операциялар жасалды
Cурет: №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы

Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында ресейлік мамандардың қатысуымен үш күндік шеберлік сағаты өтті.

Іс-шара барысында белгілі ортопед-травматолог Георгий Чибиров пен Орхан Гатамов №2 БҚКА дәрігерлерімен бірлесіп, ауыр нейроортопедиялық кемістіктерге шалдыққан қазақстандық 4 балаға бірегей ота жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жоғары технологиялық медициналық көмек МӘМС қаражаты есебінен жасалды.

«Біздің клиникада бір мезетте көп деңгейлі ота жасау тәжірибесі белсенді түрде қолданылады. Көп деңгейлі операция барысында анестезия да бір рет қолданылады, біздің мамандар бірнеше манипуляцияны кезең-кезеңмен жүзеге асыра алады. Ал мұндай оталарды ортопедия саласында жинақтаған тәжірибесі мол ресейлік әріптестермен бірлесіп жасау пациенттерге көрсетілген хирургиялық көмектің нәтижесін еселендіре түсетіні хақ. Оның үстіне, үнемі өзара тәжірибе алмасудың сырқаттарды емдеуде атқарар рөлі де зор», - деп атап өтті №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров.

Шеберлік сабағы барысында науқастар консультация алды, дәрігерлер балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан сырқаттарға оперативтік ем жасаудың қосымша техникаларын меңгерді. Барлығы түрлі медицина ұйымдарында еңбек ететін 16 маман біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

№2 БҚКА травматолог-ортопеді Ұлжан Солтанбекованың айтуынша, нейроортопедиялық кемістікке, әсіресе церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға көп деңгейлі ота жасау қиын, дегенмен өте қажет. Себебі аяқ-қол кемістігі тізе буыны, жіліншік, жамбас, табан т.б. органдардың қызметін бұзады. SEMLS әдісі церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға бір мезетте бірнеше ота жасап, аяқ-қол кемістігін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл операциялар пациенттердің өмір сапасын жақсартуға, ауырсынуды төмендетуге, қимыл-қозғалыс аппаратындағы кемістіктер мен баланың жүрісін түзетіп, жақсартуға, кемістік салдарын азайтуға бағытталған әрі отадан кейінгі қалыпқа келу мерзімін де қысқартады. 

Неврологиялық дерттермен ауыратын балаларды дәрігерге дер шағында қарату өте маңызды, олар неврологтардың тұрақты бақылауында болып, тағайындалған ем мен ортопедиялық құрылғыларды белсенді түрде пайдалануы тиіс, дейді мамандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аяқ-қол кемістігі #Операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);