AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі...

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Білім және ғылым 07.04.2026, 19:41 346 yakiya
Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Алматыда AI Engineering білім беру бағдарламасының жаңа легі іске қосылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарлама аясында 14 жастан бастап мектеп оқушылары мен студенттер жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, AI технологиялары негізінде өз инженерлік жобаларын әзірлейді. Бағдарламаға алдын ала іріктеуден өткен шамамен 100 жас қатысады.

Бастама “Makerspace Expands!” желісі аясында АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы мен Chevron компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бағдарлама жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға және технологиялық ортада қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған.

AI Engineering бағдарламасы екінші жыл қатарынан өткізілуде. 2025 жылы оған Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 100-ге жуық оқушы мен студент қатысып, жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, қазақ тілінде AI-ассистенттер әзірледі, сондай-ақ заманауи дауыс және мәтіндік жүйелердің жұмыс істеу қағидаларымен танысты.

2026 жылы бағдарлама жаңартылған практикалық форматқа көшіп, инженерлік бағытты күшейтті. Қатысушылар Raspberry Pi бірплаталы компьютерімен жұмыс істеп, компьютерлік көру және машиналық оқыту негіздерін үйреніп, жасанды интеллектке негізделген интерактивті құрылғыларды өздері жасайды.

«Біздің мақсатымыз — оқушыларға жасанды интеллекттің абстрактілі технология емес, өз қолыңмен жасауға болатын құрал екенін көрсету. Raspberry Pi-мен жұмыс істеу барысында қатысушылар деректерді жинаудан бастап модельді оқытуға дейін және толыққанды жұмыс істейтін құрылғы жасауға дейінгі барлық кезеңнен өтеді», — дейді Әділет Болатхан, AI Engineering курсының авторларының бірі.

AI Engineering бағдарламасы — Makerspace желісінің Қазақстан жастары арасында инженерлік ойлауды, цифрлық дағдыларды және технологияға қызығушылықты дамытуға бағытталған білім беру бастамаларының бір бөлігі.

Өткізу күндері: 2026 жылғы 27–30 сәуір, 2, 4–6 мамыр (қалаларға байланысты өзгеруі мүмкін)


Өтетін орны: Назарбаев көшесі 43, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы


Қатысушылар жасы: 13 жастан бастап


Қатысу тегін, орын саны шектеулі

Тіркелу: https://forms.gle/ZgshcozDn7QZWdrC9

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);