Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнал...

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған көрме өтеді

Әлеумет 23.03.2022, 08:43 2,250
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған көрме өтеді
Cурет: Музей

«Ғасыр толғауы» көрмесінде республиканың әртүрлі қаласынан 100-ден астам жұмыс қойлады


2022 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Бабалар аманаты жобасы аясында, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен Республикалық  «Ғасыр толғауы» атты  көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бабалар аманаты жобасының мақсаты Республикамыздағы бүкіл көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосу, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесімен білім негізін ұштастыру, сондай-ақ әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағлымына терең бойлата отырып, осы ұстаздардың арқасында көрерменге жеткізу. 


Шығармашылықпен  айналысатын үздік  80-нен астам еліміздің түкпір-түкпірінен қатысатын ұстаздардың туындылары қойылмақ. Сонау есте жоқ ескі заманнан бері келе жатқан ұлттық өнерімізді өскелең ұрпақтың бойына дарытып, бабаларымыздың киелі өнерін ғасырдан ғасырға жеткізіп, тарих беттерінде алтын әріппен жазып қалдыру ұстаз 


Биыл  «Бабалар аманаты» Ұлттық жобасының құрылғанына үш жыл толады. Жобаға ҚР Суретшілер Одағы, ҚР дизайнерлерінің Еуразиялық Одағы, Қолөнер Одағы және шығармашылықпен айналысатын Қазақстан Республикасының Көркем еңбек мұғалімдері кіреді. Олар Түркия, Греция және Орталық Азия елдері сияқты халықаралық көрмелерге үнемі қатысады.


Қанағат Кодеков – «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі, кураторы, «Үздік Педагог-2021» жеңімпазы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Бабалар аманаты»  халықаралық және республикалық көркем еңбектер мен кәсіби суретшілер жинағының авторы. «Бабалар аманаты» - Қазақстан Республикасының халықаралық кәсіби суретшілері мен талантты Көркем еңбек мұғалімдерінің үздік  шығармаларының жинағы. Сондай - ақ әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және т. б. арналған шығармалар жинақтары жарық көрді.



Көркем еңбек пәндерін оқытатын республиканың барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында бірікті. Жоба мүшелері елімізде өтіп жатқан мәдениет күндеріне белсенді қатысып, көрмелер өткізеді.


Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде, өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады. Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізуде.


«Ғасыр толғауы» көрмесінде республиканың әртүрлі қалаларынан (Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Маңғыстау, Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Тараз) қазақ халқының ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, Қазақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін педагогтардың 100-ден астам жұмыстары ұсынылған.


Көрме 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байтұрсынов #150 жылдық #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.