AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мект...

Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебі салынуда

Әлеумет 03.03.2025, 10:28 1,311 Nursok82
Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебі салынуда
Оқу-ағарту министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның талантты балалары үшін бірегей білім беру ортасын құруға бағытталған. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп құрылысымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мектеп 900 оқушы орнына арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған. Ол биылғы жылы ашылады деп жоспарланып отыр.

Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген.

«ABAI ULTTYQ MEKTEBI»-нің құрылуы – отандық білім беруді дамытудағы ең маңызды стратегиялық қадамдардың бірі, ол өзінің шыққан тегін жақсы білетін, бірнеше тілді меңгерген және жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын зиялылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталады», - деп атап өтті министр.

Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадам - «ABAY-Programme» біртұтас білім беру бағдарламасының әзірленуі болып табылады. Ол көптілді, зиялы және ұлттық сипаттағы тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Мектеп сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік орнатады. Ынтымақтастық аясында «Абай зертханасы» құрылып, ол гуманитарлық білім саласындағы әдістемелік және ғылыми зерттеулер орталығына айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #ABAI ULTTYQ MEKTEBI #Абай философиясы #кітапхана #спорт кешені
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);