ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 54 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

Алматыда 54 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

Заң мен тəртіп 04.09.2025, 12:53 529
Алматыда 54 мыңнан астам бейнекамера орнатылды
Сурет: Polisia.kz
Алматы қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыруда көш бастап, жайлы да қауіпсіз өмір сүру үшін жаңа технологиялар арқылы қала тұрғындарына барынша жағдай жасап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Алматы қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыруда көш бастап, жайлы да қауіпсіз өмір сүру үшін жаңа технологиялар арқылы қала тұрғындарына барынша жағдай жасап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков осылай деп мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономика салаларын цифрлық түрлендіруді тапсырған болатын. Осы міндет аясында шаһар әкімдігі біраз жобаны іске асырғалы жатыр.

Алматы елімізде алғаш рет Бірыңғай бейнемониторинг жүйесін енгізді. Қалада қазір 54 мыңнан астам камера орнатылған, оның 2,2 мыңы адамның бет-әлпетін тани алады. Жыл соңына дейін камераның саны 70 мыңға жетпек. Сонымен қатар «Сергек» интеллектуалды жүйесі жол қауіпсіздігін бақылап келеді. Қазір осындай 1 641 кешен жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде жол апаты 20%-ға, адам шығыны 40%-ға азайған.

«Кешенді қауіпсіздік жүйесі де маңызды рөл атқарады. Оның аясында 215 мектеп, 193 балабақша мен 64 медициналық нысанға бейнебақылау орнатылды. Бұл жүйе төтенше жағдай қызметіне автоматты түрде хабар беріп, оқиғаны талдауға мүмкіндік жасайды. Қалада қосымша 32 SOS түймесі орнатылды», – деді спикер.

Цифрлық шешімдер тұрғын үй-коммуналдық салаға да енгізілген. ialma.kz платформасы 40-тан астам қызметті автоматтандырып, қала тұрғындарынан 10 мыңнан астам өтініш қабылдады.

Алматының тәжірибесі – цифрландырудың ыңғайлылық қана емес, сонымен бірге қала өмірінің қауіпсіздігі мен сенімді инфрақұрылымын қалыптастырудың кепілі екенін көрсетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.