Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 5 нысан кейіннен сатып алу құқығынсыз сен...

Алматыда 5 нысан кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді

Әлеумет 30.11.2022, 08:16 1,586
Алматыда 5 нысан кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді
kilid.com

Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абзал Егембердиев ӨКҚ брифингінде сенімгерлік басқармасына берілген нысандар туралы айтты, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ережелеріне және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы үлгі шартқа сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Ереже).


Нысанды сенімгерлік басқаруға беру үшін уәкілетті мемлекеттік орган осы мәселені бұл сұраққа қатысты жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің орынбасарының төрағалығымен Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлік нысандарын оңтайландыру жөніндегі комиссияның қарауына енгізуі қажет.  


Нысанды сенімгерлік басқаруға беру e-qazyna.kz реестрінің веб-порталында тендер өткізу жолымен жүзеге асырылады, онда тендерді мемлекет үшін ең жақсы деген ұсыныстар жасаған қатысушы ұтады. 
 
Биылғы жылы басқаруға берілгендер: 
 
-  5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз 20 санитарлық-гигиеналық торап;
- 5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен мүгедектерді қолдау бойынша орталық ашу үшін Әуезов ауданы, 5 ықшам ауданы, 58 А мекен жайында орналасқан ғимарат;
 
- 5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 58/3 мекен жайы бойынша орналасқан ақыл-кемістігі бар адамдарға қолдау көрсетуге арналған «Тренинг-кафе» ашуға арналған ғимарат;
 
- Жетісу ауданының «Бақытты отбасы» орталығын ашу үшін Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі, 65/34 үй, Ломоносов көшесінің бұрышы мекен жайында орналасқан ғимарат; 
 
- Алмалы ауданының «Бақытты отбасы» орталығын ашу үшін Наурызбай батыр көшесі, 106а мекен жайында орналасқан ғимарат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенімгерлік #нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.