конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 5 мыңнан астам құқықбұзушы қоғамдық орынд...

Алматыда 5 мыңнан астам құқықбұзушы қоғамдық орындарда кальян шеккені үшін жазаланды

Барлығы 27.02.2025, 11:37 975
Алматыда 5 мыңнан астам құқықбұзушы қоғамдық орындарда кальян шеккені үшін жазаланды
Сурет: Жасанды интеллект

Жаңа заңнамалық нормалар күшіне енгеннен бері Алматыда шегілмейтін  темекі өнімдерінің, соның ішінде вейптер мен хош иістендіргіштердің заңсыз айналымына байланысты шамамен 30 қылмыстық іс қозғалды.

 Полиция қызметкерлері 25 мыңнан астам вейпті тәркіледі. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Вейптер мен басқа да никотин өнімдерінің заңсыз айналымына қылмыстық жауапкершілік белгілеу – азаматтардың денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам», – деді ол.

Оның айтуынша, енді вейптерді заңсыз әкелу және өндіру үшін 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Егер қылмыстық топ әрекет етсе немесе аса ірі табыс тапқан жағдайда, жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 5 мың АЕК (18,46 млн теңге) мөлшерінде айыппұл салу түрінде қолданылады.

Сонымен қатар, 2024 жылы Алматыда қоғамдық орындарда кальян шеккені үшін 5514 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері мекеме иелеріне заң талаптарын сақтау туралы 458 ұйғарым жіберді.

«Заңның орындалуына бақылау күшейтілетін болады. Азаматтарды белгіленген ережелерді сақтауға шақырамыз, себебі бұл – өз денсаулығыңыз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін маңызды», – деп атап өтті полиция өкілі.

Алматыда темекі өнімдерінің, вейптер мен кальяндардың заңсыз сатылуына қарсы күрес жалғасуда. Полиция өкілдері қатаң шаралар құқықбұзушылық санын азайтып, жастардың денсаулығын қорғауға көмектесетініне сенімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вейп #кальян #Қоғамдық орын #Жаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);