Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 41 миллион теңгеден астам сомаға 39 мыңна...

Алматыда 41 миллион теңгеден астам сомаға 39 мыңнан астам контрафактілік өнім тәркіленді

Әлеумет 08.10.2024, 11:45 873
Алматыда 41 миллион теңгеден астам сомаға 39 мыңнан астам контрафактілік өнім тәркіленді
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 41 млн. 433 мың 748 теңгені құрайтын 39 265 бірлік контрафактілік өнімдер тәркіленді. Құқық бұзушыларға 5 865 348 теңге айыпұл салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Департамент басшысы Балаим Кесебаева мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 
 
2024 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша 80 кезектен тыс тексеріс жүргізілді.  

«Тексерулер базарларда, сауда және бизнес орталықтарында, сондай-ақ белгілі брендтердің контрафактілік тауарлары сатылатын қоймаларда жүргізілді. Тәркіленген өнімдердің ішінде: ұялы телефондарға арналған аксессуарлар, киім, балалар тауарлары мен ойыншықтар, тәттілер, теледидарлар, автомобиль бөлшектері, мотор майлары және басқа да тауарлар бар. Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан 41 млн. 433 мың 748 теңгені құрайтын 39 265 бірлік контрафактліік өнімдер тәркіленді. Сот шешімімен құқықбұзушыларға 5 865 348 тенге айыпұл салынды», - деді Б.Кесебаева. 

Сондай-ақ, жыл басынан бері Әділет департаменті 2 870 000 теңгені құрайтын «WD-40» сауда белгісінің заңсыз бейнесі бар 12 000 жуық дана контрафактілік өнімді тәркіледі. Сот қаулысына сәйкес кінәлі тұлғаларға айыппұл салынып, тәркіленген тауар жойылды.

Айта кетерлігі, департамент жұмысы аясында аталған  кезеңде халықтың зияткерлік құқықтарды қорғау туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған рейдтер ғана емес, ақпараттық кампаниялар да өткізілді. 

Сондай-ақ, еліміздегі креативті экономиканың ауқымды дамуы үшін жағдай жасауға баса назар аударылды. Оның ішінде зияткерлік меншікті заңды тәсілдермен қорғау. 

Сонымен қатар, Департаментте зияткерлік меншіктің жаңа объектілері — «географиялық нұсқамалар» енгізілгені туралы хабарланды, олар еліміздің белгілі бір өңірлерінде өндірілетін тауарларды бірегей деп бөлуге көмектеседі. 2023 жылы «Түркістан шоколады», «Түркістан балмұздақ», «Қарағанды балмұздақ», «Чача-Чача» және әйгілі «Алматы апорты» сияқты тауарлар тіркелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Контрабанда #заң #тауар #тәркілеу #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.