AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Алматыда 30 мың шаршы метр жол жабыны жөнделеді

Алматыда 30 мың шаршы метр жол жабыны жөнделеді

Керек кеңес 02.04.2025, 17:04 903 Bakyt
Алматыда 30 мың шаршы метр жол жабыны жөнделеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қалалық мобильділік басқармасы қыстан кейін пайда болған шұңқырларды жою бойынша қандай көшелерде жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Ақпан айының ортасында асфальт-бетон зауыты мерзімінен бұрын іске қосылып, -5 градусқа дейінгі температурада асфальт-бетон қоспасын нығыздауға мүмкіндік беретін энергия үнемдейтін қоспалары бар «жылы асфальт» шығарды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында 300-ден астам «қалқымалы» люк орнатылды. Бұл құрылым құдықтардың айналасындағы асфальт жабынын сақтауға арналған, өйткені қалқымалы корпусы бар люктер асфальтпен бірге қозғалады. Бұл құдықтардың да, люктердің де қызмет ету мерзімін айтарлықтай ұзартады», – деді басқарма өкілдері. 

Сонымен қатар, Рысқұлов, Абылай хан, Райымбек батыр, Төле би магистральдық көшелерінің учаскелерінде ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Бүгінгі таңда жөндеу бригадалары Гоголь көшесінде Назарбаев даңғылынан бастап Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін жұмыс істеп жатыр. Одан кейін Сейфуллин, Қонаев, Мақатаев, Назарбаев, Мыңбаев және т.б. көшелерде жұмыс басталады», – деп атап өтті басқармада.

Сондай-ақ, жақын арада аудан әкімдіктері көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастайды. Әр ауданда шамамен 30 мың шаршы метр жол жабыны жөнделеді. Жалпы, биылғы жаз мезгілінде Алматыда 300 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары мен 35 шақырым жаңа жол құрылысы жоспарланған.

Айта кетейік, мегаполис тұрғындары @AlmatyJolybot чат-боты (https://t.me/AlmatyJolybot) және Almaty_Joly Telegram-арнасы арқылы жолдағы шұңқырды жөндеу туралы өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін:
* Мәтіндік хабарлама,
* Ақаудың фото/бейнематериалы,
* Мекенжайы мен нақты координаттары,
* Байланыс деректерін жолдау қажет.

Келіп түскен өтініштер қаралғаннан кейін әр жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданады. Шағымдар мен ұсыныстарды тиімді қарастыру үшін оларды тек ресми арналар арқылы жіберу қажет. Әлеуметтік желілердегі түрлі пабликтерде қалдырылған пікірлер әркез қарастырыла бермейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #мобильділік басқарма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);