ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда 24 келіден астам қарасора тәркіленді

Алматыда 24 келіден астам қарасора тәркіленді

Алматы 10.09.2025, 11:21 482
Алматыда 24 келіден астам қарасора тәркіленді
сурет: polisia.kz
Алматы қаласында өткен "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында есірткіге қарсы күрес басқармасы ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке...

Алматы қаласында өткен "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында есірткіге қарсы күрес басқармасы ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, экологиялық бекетте 59 жастағы қала тұрғыны басқарған Toyota тоқтатылған. Кейін Наурызбай ауданындағы оның үйіне жүргізілген тінту кезінде ауладан 13 түп қарасора анықталды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 24 келі 680 грамм.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлері есірткі таратудың жолын жүйелі түрде кесіп келеді. Жедел уәкілдер, арнайы жасақ және кинологтардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде заңсыз айналымға түсуі мүмкін болған ірі көлемдегі қарасораның жолы кесілді. Есірткі қылмыстарын анықтау және олардың алдын алу шаралары жалғасын табады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.