ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда 2030 жылға қарай туберкулезбен ауыратын а...

Алматыда 2030 жылға қарай туберкулезбен ауыратын адам қалмауы керек

Медицина 03.10.2025, 15:16 392
Алматыда 2030 жылға қарай туберкулезбен ауыратын адам қалмауы керек
Сурет: dol-cgb.ru
Алматыда «Туберкулезсіз Орталық Азия: ұлттық жетістіктерден өңірлік көшбасшылыққа» атты халықаралық конференция және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы туберкулезге арналған парламенттік саммит...

Алматыда «Туберкулезсіз Орталық Азия: ұлттық жетістіктерден өңірлік көшбасшылыққа» атты халықаралық конференция және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы туберкулезге арналған парламенттік саммит өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz ДСМ-не сілтеме жасап.

Іс-шараға өңір елдерінің парламент депутаттары, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, ДДСҰ, Stop TB серіктестігі және өзге де халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты. Жиында БҰҰ-ның туберкулезге қарсы Саяси декларациясын (2023 ж.) іске асыру барысы, азаматтық қоғамның рөлі және жаңа технологиялар талқыланған.

«Форум қорытындысында 2026-2028 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күресті жеделдету жөніндегі өңірлік қарар қабылданды. Оның басты мақсаты – 2030 жылға қарай туберкулезді түбегейлі жою», - деп хабарлайды министрлік.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл қарар арқылы Орталық Азия елдері туберкулезді жоюда көшбасшыға айнала алады.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан БҰҰ қойған туберкулез бойынша негізгі көрсеткіштерге мерзімінен бұрын қол жеткізді. 2024 жылы елімізде осы дертті жұқтырғандардың саны 4%, өлім-жітім 16,6% төмендеген. Алғаш рет туберкулезден бала өлімі тіркелмеді. Бұл жетістік соңғы диагностикалық әдістерді енгізу және таблеткамен емдеу режимінің арқасында мүмкін болды.

Сондай-ақ амбулаторлық ем алып жүрген науқастардың 99%-ы әлеуметтік көмекпен қамтылғаны атап өтілді. Қазақстан ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемін бір жарым есеге арттырды. Дегенмен, осал топтармен жұмыс пен азаматтардың денсаулығына деген жауапкершілігін күшейту қажет екені айтылды.

 «Саяси ерік – туберкулезбен күрестің ең күшті құралы. Біз 2030 жылға қарай бұл дертті жоюға міндеттіміз», – дейді Global TB Caucus ұйымының төраға орынбасары, депутат  Гүлдара Нұрымова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.