Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 2026 жылы 5 жаңа комьюнити орталық ашылад...

Алматыда 2026 жылы 5 жаңа комьюнити орталық ашылады

Алматы Бүгін 11:11 26
Алматыда 2026 жылы 5 жаңа комьюнити орталық ашылады
Алматы әкімдігі

Алматыда жастармен жұмыс істеуге арналған инфрақұрылымды дамыту жалғасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа орталықтар ашу, жобалардың ауқымын кеңейту және кеңес беру көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық және Түрксіб аудандарында бес жаңа жастар комьюнити орталығын іске қосу көзделген. Жаңа алаңдар ашылғаннан кейін қала бойынша олардың жалпы саны 16-ға жетеді.

Инфрақұрылымды кеңейту нәтижесінде жастарды қамту көрсеткіші 570 мыңнан кемінде 700 мың адамға дейін ұлғаймақ. Комьюнити орталықтар базасында кемінде 3 мың іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық қолдау бағыттары бойынша көрсетілетін кеңес саны 22 мыңнан асады.

Бұған қоса қалада алғаш рет кемінде сегіз жастар үкіметтік емес ұйымын құру және дамыту жоспарланып отыр. Олар экологиялық, патриоттық, еріктілік және басқа да бағыттарда жұмыс істеп, комьюнити орталықтардың қолдауымен жобалық командалар ретінде қызмет атқарады. Бұл ұйымдар жастарды қала деңгейіндегі мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

«Инфрақұрылымды дамыту жастарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттырып, оларды қаланың әлеуметтік, мәдени және білім беру бастамаларына белсенді түрде тартуға бағытталған», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мамандары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҮЕҰ осал топтағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдейді

Бүгін 12:26

Алматыда жастармен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 12:23

25 ақпанда сиреналар қосылады: алматылықтарға ескерту жасалды

Бүгін 12:16

Алматыда туберкулезбен ауыру 60%-ға азайды

Бүгін 12:06

Алматыда туберкулезді емдеу тиімділігі халықаралық стандарттан да жоғары болып шықты

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі