AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 2026 жылдың соңынан бастап газ жүргізілге...

Алматыда 2026 жылдың соңынан бастап газ жүргізілген аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады

Барлығы 11.02.2026, 11:12 406 dulatbekova
Алматыда 2026 жылдың соңынан бастап газ жүргізілген аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2026 жылы 30 желтоқсаннан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәслихаттың 2025 жылы 30 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сілтеме жасап хабарлады.

Аталған талаптар қаланың газдандырылған аумақтарына қатысты Қағидалардың 52-тармағында көзделген. Құжатқа сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.

Төтенше жағдай кезінде жылу және энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Бұл талаптар жылыту қазандықтарын пайдаланатын шаруашылық субъектілеріне де қолданылады. Шығарындылар көздері ластаушы заттарды тазарту қондырғыларымен міндетті түрде жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, арнайы техника, бензин және дизель генераторлары да экологиялық талаптарға сәйкес болуы қажет.

Осылайша, шектеу тек моншаға ғана емес, газдандырылған аумақтарда орналасқан жеке тұрғын үйлерге де қатысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алматыдағы жеке сектордың газдандыру деңгейі шамамен 99,6%. Бұл үй иелерінің басым бөлігінде табиғи газға қосылуға техникалық мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тыйым #қатты отын #Сұйық отын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);