AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2025 жылы ветеринарлық қызметтің арнайы т...

Алматыда 2025 жылы ветеринарлық қызметтің арнайы техника паркін жаңарту жоспарланып отыр

Әлеумет 06.12.2024, 15:38 726 Bakyt
Алматыда 2025 жылы ветеринарлық қызметтің арнайы техника паркін жаңарту жоспарланып отыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардың таралуын болдырмау, сондай-ақ қабаған иттердің адамдарға шабуылын алдын алу мақсатында 2025 жылы Алматы қаласының ветеринарлық қызметі арнайы техникалар паркін жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматы мәслихатының сессиясында хабарланды, онда 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті қабылданды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2025 жылы ветеринарлық қызмет қала үшін 14 бірлік арнайы техника сатып алады, оның ішінде: 
-    11 бірлік жүк көлігі, бұл ұстау бригадаларын көбейтуге мүмкіндік береді; 
-    2 рефрижератор, бұл жануарлардың өлекселерін ветеринарлық және санитарлық нормаларға сәйкес уақытылы жинап, тасымалдауға арналған; 
-    1 пикап ветеринарлық дәрігерлер үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен ветеринарлық іс-шаралар жүргізу кезінде жетуі қиын жерлерге баруға арналған.

Сондай-ақ, 2025-2027 жылдары үй жануарларын ұстау қызметінің штаты көбейтіледі, бұл уақытылы ұстау, өлекселерді жинау және ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының өлекселерін шығару жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҰҰВБ (ұстау-ұрықсыздандыру- вакцинация-босату) бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыру жоспарланған. 

Еске салсақ, 2023 жылы желтоқсанда ветеринарлық қызмет «KIA BONGO» маркалы 12 бірлік жеңіл жүк автокөлігін сатып алды, соның арқасында қараусыз қалған бұралқы жануарларды ұстау бригадаларының саны артты. 2024 жылдың қаңтарынан бастап 8 ауданға күніне 2 бригада шығып, тұрғындар мен заңды тұлғалардан әлеуметтік желілер мен аудан әкімдіктері арқылы түсетін өтініштерді орындауда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен автокөлік сатып алу қаладағы эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыруға, ҚР «Жануарларға жауапты қарау туралы» заңын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #инфекция #жануарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);