ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда 2024 жылы жүрекке жасалатын оталарға 18,6...

Алматыда 2024 жылы жүрекке жасалатын оталарға 18,6 млрд теңге бөлінді

Медицина 11.04.2025, 11:40 498
Алматыда 2024 жылы жүрекке жасалатын оталарға 18,6 млрд теңге бөлінді
Сурет: Gov.kz
2024 жылы Алматы қаласында жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуге рекордтық деңгейде қаржы бөлінді.

2024 жылы Алматы қаласында жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуге рекордтық деңгейде қаржы бөлінді.

Алматы тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында ең заманауи әрі қымбат ота түрлерін тегін алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«2024 жылы Алматы қаласында тек кардиохирургиялық оталарға 18,6 млрд теңге бағытталды. Барлығы 6805 ота жасалды, оның әрқайсысының орташа құны — 2,7 млн теңге», — деді Ілияс Мұхамеджан.

Сонымен қатар, қалада 8 млрд теңгеге 4521 нейрохирургиялық ота, 7 млрд теңгеге жамбас және тізе буындарын ауыстыру бойынша 4593 ота жүргізілген. Сондай-ақ, нейро-қан тамыр және қан-тамыр жүйесіне жасалған 5 045 отаға Қор 6,7 млрд теңге төледі. Сонымен қатар, жалпы құны 709,7 млн теңгелік 107 бауыр мен бүйрек алмастырылды.

«Егер қымбат ота түрлері туралы айтсақ, сақтандырылмаған азаматтарға мұндай медициналық көмек бірнеше миллион теңгеге түсуі мүмкін. Олардың құны адамның төлеген жарнасына байланысты емес. МӘМС жүйесінің әлеуметтік маңыздылығы осында», — деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

Оның айтуынша, ең қымбат оталардың қатарына жүрекке қосымша қолдау көрсететін құрылғыны орнату (77,5 млн теңге), жүректің митралды қақпақшасын алмастыру (17 млн теңге) және аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын алмастыру (16,9 млн теңге) кіреді. Бұл ота түрлерінің барлығы МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.