Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2024 жылы екі жолайырық пен екі көшені ұз...

Алматыда 2024 жылы екі жолайырық пен екі көшені ұзарту аяқталады

Әлеумет 12.02.2024, 05:36 1,223
Алматыда 2024 жылы екі жолайырық пен екі көшені ұзарту аяқталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда жол инфрақұрылымын дамыту аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жолайырықтар салу, магистральдық жолдар мен радиалды көшелерді ұзарту жұмыстары жүргізілуде. 


2024 жылдың соңында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жолайрық ашу жоспарланып отыр. Жоба аясында Сейфуллин даңғылында көліктердің кедергісіз жүруі үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі түнел салу көзделген. Жансүгіров көшесінде 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Биылғы жылдың 3-тоқсанында Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы жолайырықты ашу жоспарланған. Бұл «жоңышқа жапырағы» типтес жолайырық, түрлі бағыты әрі кіреберісі болады. Ұзындығы 2,3 км болатын тротуарлар мен веложолдар салу қарастырылған. 


Бұған қоса, 2024 жылдың соңына дейін екі көшені ұзарту аяқталады. Біріншісі – Сайын көшесінің бойымен Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 3,2 км жол. Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 30%-ға төмендейді деп болжанып отыр. Екіншісі – Абай даңғылынан Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін. Жалпы ұзындығы 5,3 км болатын көшені ұзарту мегаполис орталығынан ҮАААЖ-дан батыс бағытта қосымша дәлізді қамтамасыз етеді.



Қазір Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту қолға алынған. Учаскенің жалпы ұзындығы – 2,3 км. Келесі жылы Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін ұзарту басталады. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Оның жалпы ұзындығы 10,5 км. Дәл осы кезеңде Солтүстік айналма көшесін ұзындығы 1,2 км болатын қала шекарасына дейінгі ұзартуды бастау көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #инфрақұрылым #магистральдық жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.