ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда 20 мыңға жуық адам некеге тұрмаған: стати...

Алматыда 20 мыңға жуық адам некеге тұрмаған: статистика не дейді?

Алматы 12.09.2025, 10:42 691
Алматыда 20 мыңға жуық адам некеге тұрмаған: статистика не дейді?
depositphotos.com
Алматы қаласы 2025 жылдың 1 шілдесіне қарай 2 319 900 тұрғыны бар үлкен мегаполиске айналды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өсім байқатады. Қаладағы халық санының өсуі, әсіресе, табиғи...

Қазақстанда 2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн шаңырақ құндылығын ұлықтап, қоғамдағы отбасылық институттың жай-күйіне назар аудартатын мереке саналады. Алматыда қанша отбасы бар және қанша жұп ажырасқан? Aqshamnews.kz тілшісі бұл сұарқтардың жауабын іздеп көрді.

Алматыдағы отбасы саны

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл маусымда 870 неке қиылған. Ал жыл басынан бері 4421 жұп ресми түрде шаңырақ көтерген. 

Биылғы статистика: 

  • қаңтар - 634;
  • ақпан - 737;
  • наурыз - 677;
  • сәуір - 751;
  • мамыр - 752;
  • маусым - 870. 

Айта кетейік, жыл басынан бері жалпы республика бойынша 51370 жұп некеге тұрған.

Кейінгі жылдарды сараласақ: 

  • 2023 жылы - 13074
  • 2024 жылы - 10787 жұп үйленген. 

Алматыда алғаш рет отбасын құрғандардың орташа жасы қандай?

  • ерлер - 28; 
  • әйелдер - 26. 

Сондай-ақ, қалада отбасын құрғанына 20 жылдан асқан 557 жанұя бар. 

Нұрболсын Өріс

Былтырғы статистика бойынша, қалада мүлдем некеге тұрмаған 10199 ер адам бар. Оның ішінде 60-тан асқан 36 қария тұрады. Сондай-ақ, 10768 әйел күйеуге мүлдем шықпаған. Оның 25-і 60-тан асқан. 

Ажырасу статистикасы

Биыл маусымда Алматыда 205 ажырасу тіркелген, бұл - еліміз бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Ал жалпы жыл басынан 1120 жұп ажырасып үлгерген. 

Қазақстан бойынша бұл статистика көңіл көншітпейді, жыл басынан 21531 отбасы екіге кеткен. 

  • 2023 жылы - 4761; 
  • 2024 жылы - 2108 жұп ажырасқан. 

Бір қызығы, қалада ажырасу ең көп тіркелетін жас шамасы – 30 бен 34 жас аралығы.

Ажырасудың негізгі себептері ретінде экономикалық қиындықтар, урбанизация, әлеуметтік желілердің әсері және отбасылық дағдарыстар аталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.