Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 15 қыркүйекке дейін Байқадамов көшесіндег...

Алматыда 15 қыркүйекке дейін Байқадамов көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі

Әлеумет 11.06.2024, 10:26 752
Алматыда 15 қыркүйекке дейін Байқадамов көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Байқадамов көшесіндегі 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан 1,2 шақырымнан астам құбыр ауыстырылады.

2024 жылғы 12 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Бостандық ауданында Байқадамов көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Радостовец көшесінде Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қозғалыс екі жаққа да жабылады.

1984 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көшенің астындағы жалпы ұзындығы 1220 метр құбырды қайта жаңарту аумағында жоспарлы жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. 

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған аумақтағы тұтынушыларға реконструкция кезінде ыстық су беру тоқтатылмайды. 

2024 жылы жалпы ұзындығы 20 км болатын 23 нысанды қайта жаңарту жоспарланып отыр, бұл жыл сайынғы көрсеткіштен екі есе көп. 25 жылдық нормативтік қызмет ету мерзімі өткен құбырлар енді 30 немесе одан да ұзақ жыл жұмыс істеуге арналған алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстырылады. Бұл жылу шығынын, сондай-ақ желілердің тозуын шамамен 1,8% төмендетуге мүмкіндік береді. Биыл Алматыда жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 57,9% болды (1385,3 км-ден 802,6 км).

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

«Алматы жылу желілері» ЖШС

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Байқадамов көшесі #құбырлар #ауыстыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.